\»Ауғанстан-жүректегі жара\»

 15 ақпан- Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 30 жыл толуына орай, Ауған соғысы туралы ақиқатты жас ұрпаққа жеткізу, интернационалдық борышын өтеу жолында, жерлестеріміздің ержүрек ерліктерін дәріптеу мақсатында аудандық кітапхананың оқу залында «Ауғанстан-жүректегі жара» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.    

0 комментариев

\»Бір ел- бір кітап\» акциясы

 Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. \"Бір ел - бір кітап - 2019\" республикалық оқу акциясына Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры», Әбділда Тәжібаевтың лирикасы  шығармалары тандалды.Құрметті оқырмандар, аудандық кітапханада Республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында  «Қазақ әдебиетінің тарлан тұлғалары» атты кең көлемді кітап көрмесі жасақталды.   В рамках республиканской акции \"Одна страна - одна книга - 2018\" по инициативе и при поддержке министерства Культуры РК и библиотечной Ассоциации РК выбраны роман Абиша Кекилбаева «Конец легенды» и лирика Абдилди Тажибаева. Цель акции – развитие интереса к изучению литературного наследия Казахстана, общества, повышение мотивации на обучение, а также интеллектуально-духовное развитие  подрастающего поколения. 

0 комментариев