«Тапқыр болсаң, озып көр!»

 9 қаңтар күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен оқушылардың қысқы демалысын тиімді өткізу, жан-жақты білімдерін тексеру, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін шыңдау мақсатында «Тапқыр болсаң, озып көр!» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. 5 кезеңнен тұратын сайыс барысында қатысушылар «Қыран» және «Сұңқар» атты топқа бөлініп, ой-өрісін, білімдерін, ептілігін көрсетті. Ойыншылар топ ұранымен таныстырып, мақалдың жалғасын, жұмбақтың шешуін тауып, қазақ тілі мен математикадан сұрақтарға жауап берді. Қыран тобынан Ұзақбай Аяулым, Сағынбай Гүлхан атты оқушылар белсенділік танытса, Сұңқар тобында Шыңғыс Айкүн мен Ұзақбай Дәмелі білімділігімен көзге түсті. Әділқазылар шешімі бойынша достық жеңіп, сайыс соңында балаларға тәтті таратылды.              

0 комментариев

«Қазақстан-алма мен қызғалдақтың отаны»

  8-ші қаңтар күні аудандық кітапхананың оқу залында Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы аясында «Қазақстан- алма мен қызғалдақтың отаны» тақырыбында танымдық сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараға № 5 мектеп-гимназиясының 3 «А» оқушылары мен мұғалімі Измагамбетова Жұлдыз Уйтолиевна, 8 класс оқушылары ,№ 6 мектеп-гимназиясынан Зайткерей Іңкәр, мектептен тыс білімберу орталығының «Шабыт» би тобы, «Жас суретші» үйірмесінің жетекшісі Дүйсенова Айнаш және шәкірттері, балалардың ата-аналары, кітапхана оқырмандары қатысты. Мақсаты: әлем мойындап отырған ғажайып өсімдігімізді өзгелерге насихаттап, мақтаныш етіп қана қоймай, көбейтіп өсіруді, қорғауды қолға алу. Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Шара барысында оқушылар өлең шумақтарын айтып, би билеп, «Алма апорты», «Қызғалдақ хикаясы» аңыз балладасын Бисекеева Алина оқып берді. «Жас суретші» үйірме жетекшісі Дүйсенова Айнаш жерімізге керемет көрік сыйлайтын, сүйікті гүліміз қызғалдақты қолдан қалай жасау жолдарын балаларға үйретті.…

0 комментариев

«Поэзии чарующие звуки»

       4 января 2019 года  в читальном  зале  районной  центральной  библиотеке  прошло литературное караоке «Поэзии чарующие звуки».  Ведущая  Тымбаева М.К. отметила,чтолитература – это искусство слова! А слово, особенно поэтическое, очень музыкально. Литература обогащает музыку, давая ей интересные поэтические сюжеты. Музыка, в свою очередь, даёт вторую жизнь литературным произведениям. Чтение поэзии на фоне музыки усиливает выразительность текста, усиливает силу воздействия на читателя. Это воздействие ощутили на себе участники литературного караоке, проводимого под музыкальное сопровождение. По единодушному решению жюри  первое место было присуждено  Аманбаевой  Мадине  (ХСШ 3), второе -   Жанаберген  Аяулым  (№  5 Хромтау гимназиясы) ,  третье  место – Исину Ануару ( ХСШ № 4) . Победителям  конкурса были вручены  ценные  подарки, а остальные участники  были  отмечены поощрительными призами.  В  заключение выступили  читатели  районной библиотеки Кушанбаева А.,Орынғазы  Ж.  с  пожеланиями  провести  литературное  караоке  среди  молодежи .          

0 комментариев