\»Байғанин оқулары — 2020\»

           Аудандық балалар кітапханасында қазан айының 1-15 күндері аралығында Қазақстанның халық ақыны, айтыскер, эпик, жыршы жырау Нұрпейіс Байғаниннің 160 жылдығына «Байғанин оқулары» көркемсөз оқу онлайн байқауының аудандық кезеңі өткізілді. Көркемсөз оқу байқауына барлығы 18 талапкер қатысты. Байқау  талабы бойынша ақынның өлеңін және дастанынан үзінді оқуда мәтін көлемінің 2-3минуттан аспауы керек. Байқау қорытындысында ІІІ орын – Орал Махаббат  Бөгетсай мектеп-гимназиясынан, Жақсатова Зарина Дөн мектеп-гимназиясынан, Алила Жасұлан Сатпаев орта мектебінен. ІІ орын – Қажығали Аяулым Майтөбе орта мектебі, Ахметов Даниял Сатпаев орта мектебінен иеленіп, арнаулы дипломдармен марапатталды.Байқауға қатысқан талапкерлерге белсенділік танытқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Н.Байғаниннің  «Еңбек туралы жыр» өлеңін , «Ел тілегі»  дастанын оқып, жоғары деңгейде өнер көрсеткен І орын иегері №5 Хромтау мектеп-гимназиясынан Аманкелді Рауан облыстық кезеңге жолдама алды.                                                             Осы жоғарыда аталған жеңімпазымыз…

0 комментариев

\»Менің ауылымның тарихы\» байқау

 Ұрпақтан-ұрпаққа тамыр тартып, олардың әрқайсысымен бірге өмір сүретін- олардың туған жері. Ол-асыл мұра, баға жетпес қазына. Өйткені жер тарихы-ел тарихы, адам тарихы, ұрпақ шежіресі.Бұның бәрін жіпке тізгендей етіп,бүгінгі ұрпаққа жеткізу қиын болғанымен, қажет жұмыс. Оқырмандарға кітапханадағы  өлкетану жұмыстарын  насихаттау, жас ұрпақты  туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке баулу мақсатында «Менің ауылымның тарихы/ История моего села» байқауы өтті. Байқауға ауданымыздың 16 ауылдық кітапханалар қатысып, кез келген қолжетімді техникалық құралдармен түсірілген бейне форматындағы жұмыстар қабылданды. Байқау жұмыстары Хромтау аудандық кітапханасының https://instagram.com/khromtau  инстаграм парақшасына жарияланды. Байқау қорытындысы бойынша Тассай ауылдық кітапханасы 1 орын, Тасөткел мен Көктау ауылдық кітапханалары 2 орын,  Дөң және Қопа ауылдық кітапханалары 3 орынды иеленді. Байқаудың сарапшылары, әділ  қазылар алқасының өкілдері жеңімпаздарды анықтау барысында өздерінің ізгі тілектерін, ескертулерін, ұсыныстарын, кеңестерін қалдырды. Әр бейненің қателіктері мен кемшіліктерін көрсетті. «Менің ауылымның тарихы\" байқауының қорытындысы бойынша 5-20 қазан аралығында \"Үздік комментатор\" және \"Ең көп қаралым жинаған бейне\"номинациялары бойынша байқау  жарияланып,  \"Ең көп қаралым жинаған бейне\" номинациясының жеңімпазы-Зингина Гульдаурен атанды. Оның жұмысы 1164 қаралым  жинады.  

0 комментариев