«Жылы жүрек — жомарт қол» қайырымдылық акциясы

«Жылы жүрек - жомарт қол» қайырымдылық акциясы Хромтау аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ерекше балалар- ерекше әлем» жобасы аясында «Жылы жүрек - жомарт қол» атты қайырымдылық акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты қаламызда тұратын мүмкіндігі шектеулі балаларға жаңа оқу жылында оқу құралдарын сыйға тартып көмек көрсету. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды – демекші осы акцияға қолдау көрсеткен «Аль- Софи» балалар әлемі орталығына, «Нұрсат» сауда орталығына алғысымызды білдіреміз.

0 комментариев

СУРЕТ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

СУРЕТ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ. Аудандық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Ерекше балалар-ерекше әлем» жобасы аясында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында онлайн сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға үй жағдайында оқитын №1,3,4,5,6 мектеп оқушылары қатысты. ✅Сараптаманың қорытындысы бойынша: І – орын Зиновьева Наташа, ІІ-орын Рыль Вероника, Болатов Мансур. ІІІ – орын Гребенщикова Ирина, Қапа Арман, Тулегенова Радмила иеленді. Байқау женімпаздары алғыс хат және сыйлықтармен маратталады. Құттықтаймыз!  ИТОГИ КОНКУРСА РИСУНКОВ. В рамках проекта «Особенные дети - особенный мир», организованного районной детской библиотекой, проведен онлайн-конкурс рисунков среди детей с ограниченными возможностями на тему «Моя страна - Независимый Казахстан», посвященный 30-летию Независимости Республики Казахстан. В конкурсе приняли участие ученики обучающиеся на дому из школ 1,2,3,4,5,6. ✅По результатам конкурса: I место заняла Зиновьева Наташа, II место Рыль Вероника и Болатов Мансур, III место заняли Гребенщикова Ирина, Капа Арман, Тулегенова Радмила. Победители будут награждены благодарственными письмами и призами. Благодарим всех за участие!

0 комментариев

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30 жыл

Аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған \"Ұлы дала елі\" тақырыбында кең көлемде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау. Кітап көрмесі Қазақ хандығының іргесін қалаған Керей мен Жәнібек хандардан бастап бүгінгі Тәуелсіздігіміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың елге сіңірген еңбектерін баяндайтын \"Ұлы дала мемлекеттері\", \"Күмбірлеп көне дәуір сыр шертеді\", \"Жыраулар поэзия - жырдың мөлдір бастауы\", \"Әдебиет - тарих айнасы\", \"Семей және Алаш\", \"Тәуелсіздік - еліміздің ерлік жолы\" кітаптарымен еліміздің жеткен жетістіктері мен толағай табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саясы, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту. \"Ұлы дала елі\" кітап көрмесі.

0 комментариев