Танысыңыз, жаңа кітаптар!

«Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. Жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, мақсатында кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінде «Танысыңыз, жаңа кітаптар» атты жаңа әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды.      «Балаларға базарлық» атты тақырыптан құралған көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды.      Құрметті оқырмандар, біздің қорымызға келіп түскен кітаптарды алып оқимын десеңіздер кітапхана есігі әрдайым ашық. Келіңіздер! Оқыңыздар!    

0 комментариев

ӨЛЕҢ – СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ

 13 шілде күні Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық кітапхана ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған 15 сәуір-15 маусым аралығында жарияланған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн байқаудың қорытынды кеші өтті. Шараға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева, ҚР білім озаты Күлпаш Есетова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Амангүл Кабибуллина және Хромтау ауданы ауылдық округтерінің кітапханашылары мен өнерпаздар қатысты. Шара барысында қазақтың ұлы ақыны Абай өмірінен көрініс қойылып, аудандық мәдениет үйінің әншісі Жасұлан Хусаинов Абайдың «Айттым сәлем қаламқас» әнін, өнерпаз Айтқали Жайымов «Шаттық» күйін көрермендерге ұсынды. Үш бағыт бойынша өткен сайыстың жүлдегерлерін аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов және сайысқа қазылық еткен аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева, ҚР білім озаты Күлпаш Есетова марапаттады. Сайыстың қорытындысы бойынша «Абайға арнау» номинациясы бойынша І орынды Табантал ауылдық округінің ақыны Алтынбек Ермаханов, ІІ орынды Сарысай ауылынан Айгүл Бұхарбаева мен Тасөткел ауылдық округінен Маржан Әлмұқан иеленсе, ІІІ орынға тассайлық ақын Жақсығали Өтебалин ие болды.…

0 комментариев

«Балабақша – кітапханаға»

 Жаз айында кітапханаға оқырмандарды көптеп тартып, бүлдіршіндерді кітап патшалығымен таныстырып, оқуға қызығушылығын тарту мақсатында кітапхана тек мектеп оқушыларымен ғана емес, сонымен қатар балабақшалармен де әрдайым тығыз байланыста жұмыс атқарады. Оның бір айғағы балабақша бүлдіршіндеріне арнап өткізілетін «Балабақша- кітапханаға» атты экскурсия. 12 шілде күні кітапханаға саяхаттап келген № 5 «Ақбота» балабақшасының бүлдіршіндерін балалар бөлімінің кітапханашысы Тамара Сагирқызы кітапхананың бөлімдерімен таныстырып, кітапханада өзін ұстау тәртібінің ережелері туралы, кітаптарға мұқият қарау жөнінде әңгімелеп берді. Кітап әлемінің шынайы кітапшасымен, сыртқы түрлері бойынша ғана емес, көлемі бойынша айырмашылықтары бар – бүктемелі кітапшалар, дыбысты сөйлейтін кітапшалар, әуенді кітапшалар, керме-ашылмалы панорама кітапшалар, ойыншық кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және тағы басқаларымен таныстырылып, балаларға өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді. Қызықты бағдарламаның арқасында мектепалды балалары жақсы көңіл-күй мен оң сезімдерге ие болды. Қоштасарда кітапқа арналған бетбелгілер берілді, ата-аналарымен кітапханаға келіп, оқу үшін өздеріне ұнаған кітапты үйлеріне алуға болатындары жөнінде ұсыныс айтылды.           

0 комментариев