«Қазақстан-бірліктің берекелі бесігі»

Аудандық кітапхананың оқу залында  ақпанның 26-да, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орайластыра екі тілде өткен «Қазақстан-бірліктің берекелі бесігі», «Казахстан-колыбель единства народов» тақырыбында өткен әдеби-сазды кешке аудан әкімінің орынбасары Н. Д. Аспенов, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева ,аудандық  қазақ тілін оқыту орталығының меңгерушісі Ж.Е. Есмалаева, мектеп оқушылары, Тау –кен техникалық колледжінің студенттері, мектеп , колледж кітапханашылары қатысты.Мерекелік шара музыка мектебінің оқушыларының орындауында күмбірлеген күймен басталып, МТББО «Грация» бишілер тобының және №3 мектеп оқушылары дайындаған әр ұлт өкілдерінің биімен , аудандық мәдениет үйінің  қызметкері Есіркепов Ұ.  орындауында әсем әнмен жалғасты. №1мектеп мұғалімі А.А. Рузавиннің ұйымдастыруымен әр ұлт өкілдерінен келген оқушылар  өз тілдерінде неміс, молдаван, украин,татар, удмурд, белорусь, қазақ тілінде  дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың, ақиық ақын М.Мақатаевтың «Туған жер» өлеңдерін оқыды. Шара соңында аудандық кітапхана директоры А.Ж. Таимова белсене қатысқан оқушыларды  алғыс хаттарымен марапаттады. Кеш «Мой Казахстан!» әнімен аяқталды.    

0 комментариев

Серіктай Марсельдің сурет көрмесіне арналған сценарий

  Серіктай Марсельдің сурет көрмесіне арналған сценарий   Өтетін орны: Аудандық кітапхана Өткізілетін уақыты:29.04.2015       Жүр: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Бүгін баршаңыз  жас дарын – Серіктай Марсельдің сурет көрмесіне қош келдіңіздер!       Өмірде сұлулыққа тұнып, адамды құштар етіп, ұмытылмас сезімге бөлеп әкетер ғажайыптар көп. Ал, сұлулықты қабылдай алу үшін айналамызға қарап, бір сәт бізге табиғаттан дарыған керемет байлықты бағалауымыз қажет. Ал, табиғатты аялап, оның адам өміріндегі маңызын түсінуде  өнер  адамдарынан кім озар?! Сазгер болсын, суретші болсын  барлығы дерлік шабытын табиғаттан алады.  Қайталанбас шеберлер болады. Миллионның ішінен біреу ғана кездеседі. Ал негізінен жастайынан үйретіп өсіргенде, әрине, ол міндетті түрде жемісін береді. Вед: Каждый ребенок в душе художник. Помните, как в детстве мы все любили рисовать… кому как нравилось - карандашами, красками, фломастером у кого-то получалось лучше, у кого-то не очень, со временем  интерес к рисованию у кого-то перерастал в хобби, у кого-то в увлечение, у кого-то и вовсе пропадал интерес к этому, а кто-то становился…

0 комментариев