Әдебиет әлемінің абызы

  12 қазан күні Аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби «Тарлан» сыйлығының және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетіндегі Б.Майлиннен кейінгі қысқа әңгіме жазудың хас шебері, үлкен суреткер Сайын Мұратбековтың шығармаларын насихаттауға байланысты «Әдебиет әлемінің абызы» атты кітап көрмесімен таныстырылымы болды. Кітапханашы Т.С.Жиембаева жазушының шығармаларына шолу жасап,заңғар жазушының  өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша түсініктеме берді. Шараға негізінен кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектептің мұғалімдері, оқушылар қатыстырылды. Көрмеге Сайын Мұратбековтың кітаптары, жазушы туралы, оның еңбектері жайлы қаламгерлердің зерттеулері, мерзімді басылымдар беттерінде жарық көрген жазушының шығармалары мен өмір жолы туралы жазылған мақалалар, естеліктер қойылды.    

0 комментариев

Наши новинки

  У нас в библиотеке новое поступление детских книжек. Юных читателей ожидают интереснейшие сказки, стишки, рассказы как казахские, так и зарубежные.       Парсы ертегісі. Әлибаба мен қырық қарақшы. Араб ертегісі. Аладдиннің сиқырлы шамы. Вильгельм Гауф. Жалған ханзада.         Әділ Балта. Отыз үш мысал.        Бұл орманда болған оқиға еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай есік үйшік тұрған...     Ата-баба мұрасы. Халық ауыз әдебиеті негізінде құрастырылған.         Сұлтан Қалиұлы. Ертегілер.     «Күн астындағы Күнікей қыз» кітабына халық арасында кең таралған бірнеше қиял-ғажайып ертегілер енгізіліп отыр. Ертегілер кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай-ақ ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық.     «Алтын сақа» - қазақ ертегілерінің көркем безендірілген жинағы,. Балаларды кішкентайынан халық ауыз әдебиетімен сусындатып, олардың ой-өрісін, танымдық қабілетін дамытатын бұл кітап керемет сыйлық болары анық.      Қазақ ертегілерінің антологиясы.   А.Барто. Лучшие стихи. В этой книге: Игрушки. Дело было в январе. Думают ли звери? Есть такие мальчики. За…

0 комментариев

1 қазан – қарттар күні!

Осыдан 22 жыл бұрын, яғни, 1991 жылы желтоқсан айының он төртінші жұлдызында Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Асылында, бұл мереке ХХ ғасырда пайда болды. Басында Қарттар күні Еуропада, кейін Америкада тойланған, ал 80 жылдардың аяғынан бері бүкіл әлемде атап өтіліп келеді. Қыркүйек айының 29 да аудандық кітапхананың оқу залында  1-қазан Қарттар мерекесі күніне орай «Қарттарым- асыл қазынам» атты мерекелік кеш  өтті. Мақсаты: халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу. Кешке  аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы  М.Т. Жұмағалиева, көп жылдар бойы кітапхана саласында еңбек еткен ардагерлер Ермағанбетова Д.А, Бесбаева Ү.Д, Сатмұханбетова З.Х, Бремжарова Ж.Қ, Крыжановская Л.М  шақырылды. Бірінші бөлімінде  №5 мектеп-гимназиясының 4 «а» сынып оқушылары, жетекшісі Дүйсенғалиева А.Қ  ұйымдастыруымен  өз өнерлерін көрсетіп, қонақтарға мерекелік көңіл –күй сыйласа, екінші бөлімінде қонақтармен ойындар  ұйымдастырылды, немерлеріне арнап бесік жырын орындады,ән салып, би биленді, сайыс өткізіліп  «Күз аруы» таңдалды.…

0 комментариев