Күлкі күні/День смеха. (Апталықтың қорытындысы/Итоги недели)

1-ші сәуір Балалар кітап апталығының жабылуы күні болды . І-бөлім Күлкі күніне арналса, ІІ-бөлім «Әрқашан оқырман боламыз» кітап мерекесінің жабылу салтанатына арналды. Шара барысында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Ертегі кейіпкерлері бүлдіршіндерге жұмбақ жасырды. Тұрақты оқырмандар бірден жауабын тауып, хормен айтысты. Апталықтың жабылу салтанатынан балдырғандар жақсы көңіл-күймен тарқасты «Кітаптың туған күні» мерекесіне қатысқан барлық бала тәтті сыйлықтар мен мадақтамалармен марапатталды.   1 апреля-день закрытия недели. Первую часть посвятили в честь праздника «День смеха», во второй части подвели итоги недели. Во время мероприятия провели шуточные игры, дети с персонажами сказок отгадывали загадки. Наградили активных читателей грамотами.  

0 комментариев

Құстар күні/День птиц

31 наурыз апталықтың алтыншы күні «Құстар- біздің досымыз» атты тақырыптық кеш өткізілді.Оқушылар «Көгершіндер», «Қарлығаштар» болып екі топқа бөлініп сайысқа түсті. Шарада балалар құстар туралы тақпақтар, сұрақ – жауап, мақалды жалғастыр,кім тапқыр ойындары ойнатылып, сөзжұмбақтар шешілді. Балаларға құстарды қорғауға, олардың қоршаған ортаға тигізетін пайдасы туралы қысқаша мәлімет берілді. Қазақстанда мекен ететін құстар туралы қысқаша мәлімет берілді. Балаларға қанатты достарымыз туралы слайд пен видеоролик көрсетілді.   31 марта – провела День птиц «Птицы-наши друзья»: дети разделились на две группы «Голуби» и «Ласточки»; загадывали друг другу загадки, читали стихи о птицах и т.д. Показали слайд. Птицы Актюбинкой области.  

0 комментариев