Абай-175

 Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен khromtau_kitaphana инстаграм парақшасында 15 қаңтар және 15 тамыз аралығында «Абай әлемі/Мир Абая» онлайн оқулар өткізілді. Мақсаты: Ұлы кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың  шығармаларымен таныстыру. Өлеңдері мен қарасөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Онлайн оқуларға балабақша бүлдіршіндерінен бастап әртүрлі жастағы оқырмандар қатысты. Сонымен қатар, «Өлең –сөздің патшасы» атты байқау өткізілді. Сайыстың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. Бірінше кезеңде ақынның  білім,ғылым,өнер тақырыбындағы шығармалары жатқа оқылды,екінші кезеңде Абайдың әндерін орындау, үшінші кезеңде бейнебаян дайындалды. Сарысай ауылдық кітапханасында  «Абай-дана, Абай дара-қазақта» әдеби сағат өткізілді. Шарада ақынның өмірі, шығармалары туралы мол мағлұмат беріліп, өлеңдері оқылды.  

0 комментариев

Онлайн шаралар

Онлайн шаралар-уақыт талабы Кітапхана – оқырманның рухани талап – тілегін қанағаттандырумен қатар, әлемдік, ұлттық, әмбебап ақпарат көздерін толық жинақтап, оқырманға жеткізуші болып табылады. Осындай оқырманға жан-жақты қызмет көрсететін Хромтау аудандық орталықтандырылған  кітапханалар жүйесі елімізде болып жатқан пандемияға байланысты  қашықтық режімінде оқырмандарға онлайн қызмет көрсетуде.Қазірде жастар кітапханаға бармайды дейтін пікірлер  жиі айтылып жатады. Ал бүгінгі күні карантин уақытында керісінше балалар, жасөспірімдер,ересек оқырмандардың   кітапқа оқуға деген қызығушылығы артты деп айтуға болады.  Тіпті, оқырмандардың басым бөлігін жастарды құрайды. Жеңістің 75 жылдығына ұйымдастырылып өткен «Соғыс туралы -75 өлең» атты онлайн марафонға қатысушылардың  белсенділігі өте жоғары болды. Оның бір айғағы аталмыш марафонға еліміздің түпкір –түпкірінен яғни Астана, Атырау, Семей, Қарағанды, Байқоңыр, Ақтөбе облыстарынан  және көршілес   жатқан Ресей мемлекеті, Орынбор қаласынан  қатысты. Елдегі төтенше жағдай жарияланған күннен бастап күні-түні адал қызмет етіп жүрген бірден бір сала ол –медицина қызметкерлері екенін барлығымыз білеміз. Біз осы орайда кітапхана қызметкерлері  адал еңбектерін ескеріп «Ақ халатты абзал жандарға арнаймыз»онлайн -челлендж арқылы  алғысымызды білдірдік. Хромтау ауданының – 85 жылдығына байланысты «Туған жердің жусаны жұпар» айдарымен эссе байқауы ұйымдастырылып…

0 комментариев

Жаңа кітаптар

Құрметті оқырмандар!   Қазақ және орыс ертегілерінің желісімен дайындалып, түрлі түсті суреттермен көркемделген ертегілер жинағы балалар кітапханасын толықтырады. Тілі жеңіл, қабылдауға оңай, танымдық деректері мол жинақтын балаларға берері мол «Ертегілер елінде» және «Хайуанаттар туралы ертегілер» сериясының кітаптары бастауыш сынып оқушылары мен балабақша бүлдіршіндеріне, сонымен бірге ересектердің балаларға оқып беруіне арналған кітапханамыздың қорында бар кітаптарды электронды нұсқада ұсынамыз!    1. Тышқан 2. Хайуанаттар туралы ертегілер

0 комментариев