Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!

  Аудандық кітапхананың алдында аудандық кітапхана, мектептен тыс білім беру орталығы және музыка мектебінің ұйымдастыруымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» тақырыбында мерекелік көпшілік шара өткізілді. Мақсаты: Жас ұрпаққа қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Жүргізушілер жиналған қауымды Наурыз тойын тамашалауға шақырды.Көше тұрғындарына, үйірме оқушыларына Наурыз мерекесі туралы ,бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етілді. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталды.Қыдыр ата бата берді. Аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Жұмағалиева М.Т, аудандық кітапхана және музей қызметкерлері Айтанатова Ж.Н, Омарова К.Ш қонақтарды Наурыз мерекесімен құттықтады. Шара барысында қазақтың салт-дәстүрінен үзінділер көрсетіліп, ән шашулар тарту етілді. Хромтауская районная библиотека совместно с центром внешкольного образования и школой музыки провели праздничное мероприятие «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!». Празднование проходила во дворе дома школьников. Праздник был проведен в соответствии с национальными традициями. Прозвучали праздничные песни в исполнении учеников музыкальной школы, маленькие девочки из танцевального…

0 комментариев

ХАБАРЛАНДЫРУ/ОБЪЯВЛЕНИЕ

2017 ж. 17 наурызында оқушылар үйінің ауласында «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» мейрамына шақырамыз 17 марта 2017 г. в 10:00 ч. приглашаем всех на праздник «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!», который состоится во дворе дома школьников   

0 комментариев

«Ана-тіршіліктің тірегі»

  Аудандық кітапханада  8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Ана-тіршіліктің тірегі» атты оқырман аналар арасында сайыс өткізілді. Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілікті, мейірімді арттыру; Оқушыларды мейірімділікке, аналардың шексіз еңбектерін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Оқырмандардың кітап оқуға, әдеби жанрларға деген қызығушылығын арттыру. Сайыс төмендегідей шарттар бойынша өткізілді: Өзін-өзі таныстыру, «Дәм думан» тағамдар сайысы, «Көтерейік көңілді ән-жырменен» өнер көрсету сайысы, Зерделінің ойы озық (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар), «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» (ақын –жазушылар шығармалары туралы сұрақтарға жауап беру). Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Қосжанова Э.М- тәрбиеші ,№8 «Тұлпар» балабақшасы – І орынға, Құрманбаева Г.А –тәрбиеші, №7 «Еркетай» балабақшасы-2 орынға,  Есеркепова С.Ж- тәрбиеші, №4 «Гүлдер» балабақшасы-3 орынға, Омарова К.Ш- аудандық музей қызметкері-3 орынға, Жауымбаева А.Ұ- мұғалім, мектептен тыс білім беру орталығы және Мусина Қ.А- оқырман  ынталандыру сыйлықтарымен алғыс хаттарға ие болды. Нәзік жандарды мерекелерімен құттықтай отырып, жергілікті ақын Реймов Қ.Е. «Әйел-Ана» жыр шумақтарын тарту етті.                 

0 комментариев