Олжас Сүлейменов/Олжас Сулейменов
Олжас Сүлейменов Омар-ұлы. СҮЛЕЙМЕНОВ Олжас Омар-ұлы (18.5.1936 ж. т., Алматы) — ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы (1992). ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ, 1959), Мәскеудегі М.Горький атынд. Әдебиет ин- тын бітірген. 1962 — 84 ж. \"Казахстанская правда\" газетінде, \"Простор\" журналында бөлім меңгерушісі, \"Қазақфильм\" киностудиясыңда сценарийлік-редакциялық алқаның бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы баскармасының хатшысы, ҚР Кинематография жөніндегі мемл. к-т төрағасы қызметтерін атқарған. 1972 жылдан Азия мен Африка елдері жазушыларымен байланыс жөніндегі к-ттің, 1989 — 95 ж. Халықар. \"Невада — Семей\" қозғалысының төрағасы болды. 1995 жылдан Қазақстанның Венгриядағы, кейін Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі. Түңғыш өлендер жинағы \"Арғымақтар\" 1961 ж. жарық көрді. Олжас С. шығарм-ның алғашқы кезеңі (1961 — 65) жалынды рухқа толы болды, ол тұстағы шығармалар мазмұнынан қоғамдық дағдарыс пен руханият мәселесін, жаман мен жақсының тайталасын, қоршаған орта мен адам табиғатының сырын ашуға, үлт тарихының тереңнен тартқан тамырын тануға деген ұмтылысты байқауға болады. Оның алғашқы поэтик. туындылары қоғамда үлкен резонанс туындатты. \"Адамға табын, Жер, енді\" поэмасы (1961, Қазақстан Ленин…