Иван Купала мерекесі/Праздник Ивана Купала (Сценарий)

  Иван Купала мерекесінің сценарийі/Сценарий ко дню празднования Ивана Купала           Қайырлы күн құрметті қонақтар!        Добрый день уважаемые гости!       Иван Купала мерекесі-көне замандардан бері славяндар үшін күн мейрамы. «Иван Купала» – кезінде маусым айының 23-нен 24-не қараған түні (жаңаша 7 шілде ) аталынып өтілетін және жазғы күннің тоқырауына сәйкестендірілетін мейрам. Бұл түні адамдар ұйықтамай  таңды күткен, бұл уақытта,арам күштер, су перісі, мыстан тіріліп келеді деген наным болған. Сиқырлы құпияға толы бұл күнді адамдар таңғажайып елестермен байланыстырады. Бұл күні алаулар жағып, адамдар өзендерге шомылған. От тазалықтың нышаны саналып, жастары алаудың үстінен секіріп, өздерін тазалайтын болған.Жыл сайын бұл түні әлемнің тағдыры шешіледі: не Жарық дүние орнайды, не әлемді қара Түнек жалмайды деп саналған. Әр жылы шайқаста Жақсылық күштері жеңіп шығады. Және осы мереке кезінде көп нәрсені істеп үлгеру керек деп саналған, яғни, далаға жағылған оттан секіріп өту, сауықтыратын суларда жуыну, Купала түнінде ғана ерекше емдік күшке ие болатын шөптерді жинау,…

0 комментариев

Жаңа кітаптар/Наши новинки

     Кітапта еліміздің өтпелі кезең арнасында жарық көрген ғылыми мақалалар,  сұхбаттар  және ресми  орындарға жолданған хаттар топтастырылды.    Қаршыға Есімсейітованың бұл жинағына сыршыл да нәзік сезімге толы өлең-жырлары,бір топ әңгімелері, сапарнамалық көркем жазбалары еніп отыр.    Автордың бұл кітабында кейіпкерлердің қилы-килы тағдыры, психологиялық иірімдері мен ішкі жандүниесі шынайы суреттелген.    Жазушы Дәурен Қуаттың \"Әлқисса\" атты кітабына мерзімді басылымдарда жарияланып, оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген әнгімелері мен хикаяттары топтпстырылған.    Бірнеше жыр мүшайраларының жүлдегері Сәуле Досжанова бұл жаңа жинағында Тәуелсіз Қазақстан мен Астананы, ардақты жарын, сырлас достары мен замандастарын тебірене жырлайды.    Кітаптағы деректі, көркем шағын шығармалар болсын, повесть-эссе болсын, дәл бүгінгі өнер жайлы, өмір жайлы ойланатын, ізденетін оқырманның талғамынан шыққандай.    Бұл кітапқа Қазақстан Республикасының Мәдениет саласының үздігі Орал-Қосай Байсеңгірдің әндері, әнге жазған өлеңдері, сондай-ақ  пьесалары мен мәдени шараларға арналған қойылым сценарийлері топтастырылған. Кейбір әндері ноталармен беріліп отыр.    Арада ғасырға жуық уақыт өтсе де, бүгінгі күннің күн тәртібінде тұрған өзекжарды мәселелер турасындағы алаш зиялыларының…

0 комментариев