«Ұлттық ойындар- халық мұрасы» танымдық сағаты

Аудандық балалар кітапханасында Наурыз мерекесіне орай №3 мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жұмабаев Сабит Мұқанбетқазыұлы және 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Ұлттық ойындар- халық мұрасы» атты танымдық сағаты өтті. Қазақтың ұлттық ойындарын жас ұрпаққа насихаттау мақсатында "Арқан тарту", "Тоғ ызқұмалақ", "Қолкүрес" сынды ұлттық ойындар ойнатылды.

0 комментариев

«Мен таңдаған мамандық» атты профориентациялық кездесу

«YMYRTTAGY KITAPHANA» мәдени-әлеуметтік шарасы аясында аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Мен таңдаған мамандық» атты №5 Хромтау гимназиясы 9 сынып оқушыларының қатысуымен  профориентациялық кездесу өтті. Оқушыларға болашақта мамандық тандауды дұрыс жасауына керекті мәлімет және ақпараттармен бөлісіп, психологиялық тренинг өткізілді. Мақсаты: оқушылардың мамандық туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейміділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.  

0 комментариев

«Парасат майданының жауынгері» атты әдеби кеш

«YMYRTTAGY KITAPHANA» мәдени-әлеуметтік шара «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен Төлен Әбдікұлының шығармашылығына байланысты «Парасат майданының жауынгері» атты әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында жазушының өмір-баянымен таныстырып, оқушылар оның шығармаларынан үзінділер оқыды. Мектеп оқушыларының Төлен Әбдікұлының өмірі мен шығармашылығын тануға деген қызығушылықтарын аттыру, жазушының рухани мұрасы жайлы терең зерттеу, ынталандыру мақсатында «Қаламы қарымды тұлғалар» атты кітап көрмесі жасақталып, библиографиялық шолу жасалды.

0 комментариев