Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл

2022 жылы ақпанның 15-де Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 33 жыл толуына орай аудандық кітапхана және №7 Хромтау мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Шараға ауған соғысының ардагерлері Баймаганбетов Нарынбай Тлеужанович, Беляшев Мурат Джумагалиевич, Имандосов Ержолдас Мухамбетжанович, №7 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Жақсыбай Қымбат,тарих пәнінің мұғалімі Жетесов Нұртай Алмасұлы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гүльзада Кереева, 9 класс оқушылары қатысты. №1 Хромтау орта мектебінің музыканты Ж.Хусаинов «Әскерден хат», «Алға» әнін мерекелік кешке арнап орындап берді. Кеш қонақтары ауыр кезендегі естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың сауалдарына жауап берді. Жетесов Н.А. ауған соғысының тарихы туралы мол мағлұмат берді. Кітапхана әдіскері Б.Т.Абиева кітапхана ұжымы атынан шараға қатысушыларға алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті. Аудандық кітапхана қызметкерлері «Ауғанның асуында от кешкендер» кітап көрмесін көпшілік қауым назарына ұсынып, бейнесюжет көрсетті.

0 комментариев

Дәстүр және ғұрып

                    Жалпы қоғамның басты байлығы адам болса, парасатты да тәрбиелі қыздар – қоғамның ортаймайтын ең құнды қазынасы. «Қоғамды тәрбиелеймін десең, қызыңды тәрбиеле» деген қағиданың мәні қаншалықты терең болса, мазмұны соншалықты салмақты. «Қыз, әйел, ана» – қасиетті ұғымдар, өйткені олар – өмірдің ұрпақ өрбітетін бастау-бұлағы. Ұлттың бар болмысын – тілі мен дінін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін – ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, бойына дарытатын әйел-ана. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды дәстүрге сүйеніп, уақыт талабына сай тәрбиелеу – ата-ананың ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті. Осы орайда гимназиямызда 31 қаңтар күні және «Отбасы-мектеп» жобалары аясында аналар мектебінің мүшесі Хромтау аудандық кітапханасының қызмет көрсету бөлімінін менгерушісі Айтанатова Жанаргуль Бахбергеновна «Сымбат» қыз балалар клубымен «Қыз баланы тәрбиелеуде дәстүрлі қазақ ұстанымдары» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуді ұйымдастырушы балалар өкілдігі Бисекей Фарида және «Күншуақ» мектеп парламенті.

0 комментариев