Кітапханаға саяхат

     Аудандық кітапхананың балалар бөлімінде № 5 мектеп-гимназиясының 2«а» сынып оқушыларымен сынып жетекшісі Исмагамбетова Жұлдыз Уйтолиевнаның қатысумен «Кітапханаға саяхат» атты кітапханамен таныстыру сабағы қызықты болып өтті. Мақсатымыз: оқушыларды кітапханамен таныстыру, кітапқа деген қызығушылығын оята білу. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Тамара Сагирқызы оқушыларды кітапхананың ішкі бөлімдеріне аралатып, кітапхана ережесімен таныстырды. Кітапхананың оқу залында балалардың көктемгі демалысына арнайы жасалған «Кітап – ғажап әлем» атты кітап көрмесіне шолу жүргізді. Көрмеге баланың қызығушылығын тудыратын шығармалар, кіші жастағы балаларға арналған ойыншықтар, көз тартатын панорама кітаптар, ашылмалы кітапшалар, сөйлейтін қалам, сөздіктер оқушылардың кітапқа деген құштарлығын оята білетін әдеби кітаптар қойылды. Балалар бұл кітаптарды көргенде таңқалып, кітаптарды қызығумен қарап оқыды. Өздеріне бұл жерден қызықтыратын біраз мәліметтер алатындарына көз жеткізді. Мұнда кітап оқуға оқуға ыңғайлы,қалаған кітаптарының бәрін де табуға болады, - деп жатты балалар. Адамға рухани байлық беретін кітап екенін оқушылар түсінді.   Ученики 2 «А» класса школы-гимназии №5 вместе с классным руководителем Исмагамбетовой Жулдыз Уйтолиевной посетили Хромтаускую районную библиотеку. Юных читателей радушно приняли…

0 комментариев

«Салт-дәстүрім таусылмайтын байлығым»

     Наурыз айының 16 күні аудандық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 22 наурыз мерекесіне орай «Салт – дәстүрім таусылмайтын байлығым» атты балабақшалар арасында сайыс өтті. Сайысқа №1 «Күншуақ» балабақшасы, №3 «Айгөйлек» балабақшасы, №4 «Гүлдер» балабақшасы, №5 «Ақбота» балабақшасы, №6 «Ақ көгершін» балабақшасы, №7 «Еркетай» балабақшасы, №8 «Тұлпар» балабақшалары қатысты. Мақсаты: Дәстүр мен өнерге бай қазақ елінің тілін,мәдениетін,тарихы мен мәдени құндылықтарын насихаттау. Қатысушылар берілген тапсырма бойынша сәлемдесу,салт-дәстүрден көріністер, әдет-ғұрып жайында сұрақтарға жауап берді. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша: №7 «Еркетай» балабақшасы-бас жүлдеге, №5 «Ақбота» балабақшасы -I орынға, №8 «Тұлпар» балабақшасы- II орынға, №1 «Күншуақ» балабақшасы -III орынға, № 3 «Айгөлек» балабақшасы, № 6 «Ақкөгершін» балабақшасы ынталандыру сыйлықтары мен алғыс хаттарға ие болды. Сондай-ақ, мектептен тыс білім беру орталығы үйірмесінің оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Байқау соңында келген қонақтарға мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағамдар ұсынылды.   16 марта в Хромтауской районной библиотеке в рамках программы «Рухани жаңғыру» прошел конкурс среди садиков «Салт – дәстүрім таусылмайтын байлығым», приуроченный к празднованию наурыза. В…

0 комментариев

\»Бір ел- бір кітап\» акциясы

     Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, Қазақстанның әдеби мұрасын зерттеуге деген қызығушылықты дамыту, қоғамның оқуға деген ықыласын көтеру, сонымен қатар жасөспірімдердің зияткерлік-рухани дамуына ықпал жасау. \"Бір ел - бір кітап - 2018\" республикалық оқу акциясына Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалары, Бауыржан Момышұлының \"Ұшқан ұя\" және Немат Келімбетовтың \" Үміт үзгім келмейді\" атты кітаптары тандалды. Құрметті оқырмандар, баршаңызды осы ақын-жазушылардың шығармаларын оқуға шақырамыз!    В рамках республиканской акции \"Одна страна - одна книга - 2018\" по инициативе и при поддержке министерства Культуры РК и библиотечной Ассоциации РК выбраны произведения Шакарима Кудайбердиева, Бауыржана Момышулы \"Ұшқан ұя\" и повесть Немата Келимбетова \"Үміт үзгім келмейді\". Цель акции – развитие интереса к изучению литературного наследия Казахстана, общества, повышение мотивации на обучение, а также интеллектуально-духовное развитие для подростков.

0 комментариев