“Отқа оранған он жыл” атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші

Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай 14 ақпан күні Хромтау аудандық орталық кітапханада “Отқа оранған он жыл” атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Кездесуге Жиеналин Серік Мұхтарұлы, Жарасбаев Шангерей Асанханұлы, Кульбаев Ерлан Мұхтарұлы сынды ардагерлеріміз және Хромтау тау- кен техникалық жоғары колледжінің I курс студенттері қатысты. Іс -шара барысында алдымен ауған соғысының салған жарасы дерт болып жабысып, мәңгілік мекеніне орын алған ағаларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алудан басталды. Шақырылған ардагер батырларымызбен ашық әңгіме барысында суденттер өз сауалдарын қойып, сан түрлі сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, аудандық кітапхана библиграфы Мансия Тымбаева дайындаған “Ауғанның асуында от кешкендер” атты кітап көрмесімен танысты. Аудандық кітапхана директоры Бибігүл Баймұратова кешті қорытындылап, ардагерлерге алғысын білдірді. https://www.instagram.com/reel/C3U3ZDhsLML/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

«ӘДЕБИЕТ — ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӘЛЕМІ» облыстық әдеби челленджі

⚜️Биылғы жылғы "Бір ел - бір кітап" республикалық акциясы аясында жалпы оқылымға ұсынылған қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларын насихаттауға бағытталған "ӘДЕБИЕТ - ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӘЛЕМІ" облыстық әдеби челленджін кітапханамыздың инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

0 комментариев

Бүгін — Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Қазақ поэзиясында үлкен қолтаңба қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін білмейтін қазақ жоқ шығар, сірә?! Ақынның туған күні қарсаңында Хромтау аудандық кітапхана ұжымы назарларыңызға ақын шығармаларынан үзінді ұсынады.  

0 комментариев