Қабдеш Жұмаділов/Кабдеш Жумадилов
Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958–1962 жылдар аралығында Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай қалған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. «Қазақ әдебиеті» газетінде (1965–1967), «Жазушы» баспасында (1967–1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976–1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыста. Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. 1954 жылы «Шыңжаң газетінде» алғашқы өлеңдері жарық көрді. «Жамал» атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы «Шұғыла» журналында басылды. Кабдеш Жумадилов (род. 25 апреля 1936) — советский и казахстанский писатель, народный писатель Казахстана (1998). В 1965 году окончил Казахский государственный университет имени С. М. Кирова. В 1965-1967 годах работал литературным сотрудником в газете «Қазақ…