«Қысқы ертегілер патшалығында» кітап көрмесі

Хромтау аудандық балалар кітапханасы қысқы демалыс кезінде кішкентай оқырмандарға арнап атты тамаша кітап көрмесін жасап, ашық есік күндерін өткізді. Мақсаты: балалардың бос уақытын қызықты да пайдалы өткізуін ұйымдастыру, ойын түрінде жаңа кітаптармен және жаңажылдық дәстүрлермен таныстыру.Кітапханашы Жиембаева Т.С. кітапханаға келген оқушыларды Жаңа жылмен құттықтап, жаңа жыл тақырыбына жазылған кітаптарға библиографиялық шолулар жүргізді.

0 комментариев

«Оқырмандар шоқжұлдызы» марапаттау рәсімі

       Желтоқсан айының 22 күні Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Ымырттағы кітапхана-2022» әлеуметтік мәдени шара аясында «Оқырмандар шоқжұлдызы» атты марапаттау рәсімі өтті. Шараға мектеп мұғалімдері мен оқушылар, барлық кітапханалардың тұрақты оқырмандары мен кітапханашылары қатысты. Хромтау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Санжар Абайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Нұргүл Сисенгалиевна және аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бибігүл Ұзақбайқызы шара қонақтарын төменгідей номинациялар бойынша марапаттап, сыйлықтар табыс етті: «Кітапхана жанашыры» номинациясы бойынша: - №3 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Имекешова Құралай Марданқызы - №7 Хромтау мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Калмуратов Жомарт Саматұлы «Жарнама жаршысы» номинациясы бойынша: - Хромтау аудандық кітапханасының әдіскері - Беркимбаева Динара Баймурзаевна «Жасөспірім» номинациясы бойынша: - №5 Хромтау гимназиясының 10 сынып оқушысы – Баймагамбетова Жулдуз - №4 Хромтау орта мектебінің 6 сынып оқушысы – Серікбай Әсел «Ең жас оқырман» номинациясы бойынша: - №4 Хромтау орта мектебінің 1 сынып оқушысы – Беркимбаев…

0 комментариев

«Тәуелсіздік таңы мәңгілік» атты патриоттық кеш

16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне орай Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен "Тәуелсіздік таңы мәңгілік" атты патриоттық кеш өтті. Мақсаты: бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, ел тарихына шолу жасау. Шараға №7 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушылары қатысты. Кітапханашы Ақжарқын Махсутқызы мектеп оқушыларына желтоқсан оқиғасы туралы бейнеролик көрсетіп, тәуелсіз еліміздің жеткен жетістіктерімен таныстырды. "Тәуелсіздік шежіресі" атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Кеш соңында оқушылардың ой-өрістерін кеңейту мақсатында тәуелсіздікке қатысты викториналық сұрақ-жауап ойыны өтті.

0 комментариев