«Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!»

    Аудандық кітапхананың оқу залында 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерейтойына орай «Ұрпаққа ұран болған Ұлы Жеңіс!» тақырыбында өткен тыл еңбеккерлерімен кездесу кеші Ұлы Отан соғысында шейіт болған майдангерлерді бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды. Шараға тыл ардагерлері Мұхамбетов Аманғали Бисенұлы, Салдықбаев Қадыржан Есенбайұлы қатысып, жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысында жанқиярлық ерліктерімен жеңіс күнін жақындатқан майдангер ата-апаларымыз жайлы ұлағатты әңгімелер айтып, бір сәт елге де, ерге де сын болған соғыс жылдарына дөп келген балалық шақтарын естеріне алып, жастарды бейбіт өмірдің қадірін білуге шақырды. Мектептен тыс білім беру орталығының «Сөз өнері» үйірмесінің оқушылары: Шегебаева Саяжан М.Мақатаевтың «Менен сұра»; Баимбет Әсел, Қайрат Жұмағалиевтың «Мен соғысты жек көрем»; Амангельдина Әсел, Тұманбай Молдағалиевтың «22 июнь 1941 жыл. Ең ұзақ күн», Мұхамбеді Ақбану, Күләш Ахметованың «Ғасыр қасиеті» т.б. өлең жырларды жатқа айтып, би үйірмесінің кішкентай бүлдіршіндері ардагерлерге арнап би билеп, № 5 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Амангельдина Әсел «Қазақстаным» әнін орындап берді. Аталмыш шараға мектептен тыс білім беру орталығының үйірме…

0 комментариев

«Дауылпаз жырдың тарланы»

     Мамыр айының 3 күні аудандық кітапханада Халық көтерілісінің белгілі басшыларының бірі Махамбет Өтемісовтің туылғанына 215 жылдығына арналған «Дауылпаз жырдың тарланы» атты ақпараттық сағаты өтті. Шараға №3 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысты. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Тамара Сагирқызы оқушыларға қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, сол көтерілістің жалынды жыршысы Махамбет Өтемісұлы туралы мәлімет берді. Абонемент бөлімінде «Дауылпаз жырдың тарланы» атты кітап көрмесі жасақталып, кітапханашы Тугелова Нұрсұлу Жұмабекқызы библиографиялық шолу жасады.    Одним из видных представителей казахской поэзии первой половины XIX века является Махамбет Утемисов, друг и соратник Исатая Тайманова — предводителя крестьянского антифеодального восстания казахов 1836—1837 годов, к 215 со дня рождения Махамбета Отемисова 3 мая в районной библиотеки организовали книжную выставку «Дауылпаз жырдың тарланы». Библиотекарь Тугелова Нурсулу Жумабековна провела краткий обзор книг и рассказала ученикам, что Махамбет Утемисов в истории казахского народа занимает особое место, дерзкий герой, пламенный летописец, он отразил в своей огненной поэзии мятежный дух…

0 комментариев

Поэзия — тербетеді жүрегімді

    Никельтау ауылдық округінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық кітапхана мен Никельтау ауылының ұйымдастыруымен Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры, ақын Қалдина Гүлжайнар Нәренқызымен кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастарға қазақ поэзиясын насихаттау, ақынның шығармашылық жолымен таныстыра отырып, өлеңдерін оқырман жүрегіне жеткізу. Сонымен қатар, кездесуге ақын, «Керек инфо» газетінің бас редакторы Кереева Индира Мұратқызы, «Шұғыла» шығармашыл жастар клубының мүшелері Асан Бекжан, Орынбасаров Исатай, Арынова Сымбат, Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ракишева Жайнагүл Баймағамбетызы, Никельтау ауылдық округінің әкімі Әлмұратов Нұрлан Болатұлы және ауыл тұрғандары қатысты. Ауыл әкімі Нұрлан Болатұлы шараның жастарға берер тағылымы көп екенін айтып, келген қонақтарға жылы лебізін білдірді. Шара барысында Гүлжайнар Нәренқызының өмірбаяны мен шығармашылық жолы баяндалды. Кездесуде жиналған тұрғындар көкейдегі сұрақтырын қойып, ақынмен сұхбаттасты. Никельтау орта мектебінің оқушысы Амангелді Ілиястың «Поэзияның келешек ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге қандай әсері бар? деген сұрағына Гүлжайнар Нәренқызы: -Қазіргі «Рухани жаңғыру» жаңғыру бағдарламасы бойынша көптеген шаралар өтуде. Бұған дәлел бүгінгі кездесу. «Рухани…

0 комментариев