Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен 17 наурызда ауылдық кітапхана қызметкерлері арасында «Ұмыт болған ұлттық тағамдар» атты байқау өтті. Мақсаты: Жас ұрпаққа ұмыт болып бара жатқан ұлттық тағамдар, оның пайдасы, қасиеті туралы түсінік беру,өз ұлтының тағамдарын қадірлеуге үйрету. Шараға 10 үміткер қатысты.Байқаудың шарты бойынша өздерін таныстырып, «Ұмытыла бастаған ежелгі қазақ салт-дәстүрлері» сұрақтарға жауап беру, « Ұмыт болған ұлттық тағамдар» тағамдардың жасалу жолдарына түсініктер беру бойынша тапсырмалар орындалып, шараға шақырылған оқырмандар қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары туралы мәліметтерге қанықты. Байқаудың қорытындысы бойынша Бас жүлдеге-Аққұдық ауылдық кітапхана қызметкері Иманкулова Гуляим Кенжебаевна, І орынға Тасөткел ауылдық кітапхана қызметкері Орынбасаров Айна Темирбаевна, ІІ орынға- Сарысай ауылдық кітапхана қызметкері Кушмаганбетова Жанат Сайлауовна, ІІІ орынға- Тассай ауылдық кітапхана қызметкері Карина Акмарал Нурмуханбетовна, ІІІ орынға – Майтөбе ауылдық кітапхана қызметкері Зингина Гульдаурен Базарбаевна ие болды. Басқа да қатысушылар алғыс хаттармен, естелік сыйлықтармен марапатталды. (далее…)