5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдерінің күні

Хромтау балалар кітапханасының ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне арналған «Тілдің мерейі-елдің мерейі»» тақырыбындағы тәрбие сағаты № 1 Хромтау орта мектебінің 5 «ә» сынып оқушыларымен және педагог ұйымдастырушы Нұржашева Л.А , қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кереева Г.Ә. қатысуымен өткізілді.

0 комментариев

30 тамыз — Қазақстан Республикасының Конституциясы күні

Құрметті оқырмандар! Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз! Назарларыңызға "Ата заң - елдігімнің еңсесі" атты виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз. https://www.instagram.com/reel/Ch3xHhwsyaE/?utm_source=ig_web_copy_link  

0 комментариев

«KIDS BOOK FEST — 2022»

Хромтау аудандық балалар кітапханасында «Балалар кітап фестивалі 2022» жылы аясында тұрақты оқырман оқушылардың қатысуымен фестивальдің 5-ші бағыты Bookcrossing. Оқыған кітабынан алған әсерімен бөлісу, жолдау «Оқы және өзгеге сыйла» атты акция өткізілді. Кітапханашы Тамара Сагирқызы оқушыларға кітап оқудың маңыздылығы туралы әңгімелеп берді. Акцияның мақсаты оқушыларды кітап оқуға тарту, бірлесе кітап құндылығын тануға шақыру, кітап таныстыру арқылы көркем сөйлеуге, көшбасшылық, бәсекеге қабілеттілік дағдыларын дамыту болып табылады. Оқушыларға : Кітап оқу мен теледидар қарауды айырмашылығы және адамға әсері қандай деп ойлайсың? -деген сұрақ қойылды. Жауаптары: Кітап оқу меніңше өте қажет. Қоғамда кітапты көп оқитын адам мен кітап бетін ашпайтын адам бірден байқалады. Ғаламтор желісінде немесе теледидардан көрген фильм ешбір уақытта кітап оқығанға тең келмейді. Кітапты оқығанда өзің кейіпкер болып, ары қарай не болады деген ой маза бермей, қиялға беріле оқисың. Кітап оқығанда сен басқа ғаламшарда жүргендей күй кешесің. Ал теледидар көргенде сенің міндетің тек көру және қызық алу, - болды. Ал кітап қиялды дамытады.  

0 комментариев