10 тамыз — Абай күні

Бүгін ұлы ғұлама Абай Құнанбайұлының туған күні. Үкімет қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып бекітілді. Бұл күн мемлекеттік мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Сондай-ақ жыл сайын халықтық мейрам ретінде аталып өтеді. Осыған орай Хромтау аудандық кітапхана  «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы – таңырқа!» атты Абай оқуларын ұйымдастырды. Абай оқуларын кітапхананың инстаграм парақшасынан сілтемені басу арқылы көре аласыз https://www.instagram.com/reel/ChEq0UOgqmn/?utm_source=ig_web_copy_link  

0 комментариев

«Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» онлайн оқулары

Хромтау аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен «Адалдық алаңы» жобасы аясында ауылдық кітапханалар арасында 11 – 31 шілде аралығында кітапхананың инстаграм парақшасында  «Шәкәрім өсиеті – адалдық айнасы» онлайн оқулары өтеді. ✅Мақсаты: Ұлтымыздың көрнекті өкілдерінің бірі, дала ойшылы атанған философ ақын Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы арқылы оқырмандарға парасаттылық, әділдік, ізгілік, адалдық қасиеттерін насихаттау. ✅ Шарттары: Бейнебаян 3 минуттан аспауы керек. Орындаушының көркемдік шеберлігі, қазақ тілінде таза сөйлеуі, мазмұнға баса мән беруі, бейнебаянның тақырыпқа сай болуы тиіс. Толығырақ кітапхананың инстаграм парақшасынан көре аласыздар https://www.instagram.com/khromtau_kitapkhana/    

0 комментариев

1 шілде — Ұлттық домбыра күні

1 шілде - Ұлттық домбыра күніне орай орталық саябақта бұқаралық домбырашылар шеруі өтті. Осыған орай Хромтау аудандық кітапханасы «Қазағымның қазынасы - домбыра» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Домбыра – қазақ халқының өте ерте және кең тараған, табиғи ұлттық музыкалық аспабы. Көрмеде аспаптың тарихы, түрлері, жасалу технологиясы, домбыраның пайда болуы туралы аңыз, домбыраны үйрену және Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина сынды өнер иелерінің күйлері туралы кітаптар қойылды. Қала тұрғындары кітап көрмесіне ерекше қызығушылық танытты.

0 комментариев