\»Елбасы және Елорда\»

 30- қараша күні аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 1- желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді. № 5 мектеп-гимназияның 3,4,5 сынып оқушылары мен мектеп кітапханашысы Елеусизова Нұргүл Мұхамбетқызы шақырылды. Оқушылар жырдан шашу шашып, Елбасына деген арнауларын оқып, домбырамен күй тартып, мың бұралып би билеп өнерлерін көрсетті. «Елбасы- ел тірегі» - атты кітаптар көрмесіне библиографиялық шолу жүргізілді. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың өмір жолына шолу жасау мақсатында «Елбасы және Елорда» - атты слайд көрсетілді. Тәрбие сағаты өте тартымды, қызықты өтті.    30 ноября в детском отделе районной библиотеки провели воспитательный час, посвещенный дню Первого Президента. Участие приняли учащиеся 4-5 классов школы-гимназии №5 библиотекарь школы Елеусизова Н.М. В исполнении учащихся прозвучали стихи, песни, посвященные Н.А.Назарбаеву. Была оформлена книжная выставка «Елбасы-ел тірегі», проведён библиографический обзор. Учащиеся просмотрели слайд «Елбасы және Елорда».       

0 комментариев

Балалармен жұмыс

 Хромтау аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде тұрақты оқырман балалармен жұмыс жасалды. №3 орта мектептің 3 «ә» сыныбының оқушысы Мергенова Айым «Түркістан» және ақын Фариза Онғарсынованың «Ана» атты өлеңін мәнерлеп оқыды. Ертегіні сүйіп оқитын №3 орта мектептің 3 «ә» сыныбының оқушысы Сабитова Лаура «Үш аю» қиял ғажайып ертегісін мәнерлеп айтып берді. Балалардың кітапқа деген қызығушылығы күннен күнге артып келеді.    

0 комментариев

Ғабиден Мұстафин – кемеңгер жазушы

    Аудандық кітапхананың оқу залында 20 қазан күні ұлы классик жазушы, табиғаты өзгеше талант иесі, дархан даламыздың дүбірлі дүлдүлі Ғабиден Мұстафиннің туғанына 115 жыл толуына байланысты дәстүрлі «Ғабиден Мұстафин – кемеңгер жазушы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жасалды. Кітапханашы Т.С.Жиембаева оқырмандарды Ғ.Мұстафиннің шығармаларымен таныстырып, тума-таланттың, қас шебердің өнер өткелдеріне көз сала отырып, қазақ әдебиетіне қандай олжа салғанын айқындайтын туындыларымен оқушыларды таныстырды. Осы шараға қатысқан жоғары сынып оқушылары Ғабеңнің өткен өмір жолы, шығармалары жайлы айтылған деректерді тыңдай отырып, өздері де әңгімеге шебер қатысты.

0 комментариев