Ойлы жыр, орамды тіл

  Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде қыркүйектің 1-10 күні аралығында  М.Құрманалиннің 90 жылдығына орай «Оқы, Ақтөбелік өренім!» облыстық оқу марафоны аясында ашық есік күндері болды. Ақын шығармаларын насихаттау мақсатында «Халқы сүйген қаламгер» атты кітап көрмесі жасақталып библиографиялық шолу жүргізілді. Балалар бөлімінің оқырмандары ақынның «Көңіл күнделігі» кітабындағы жыр жинақтардан өлеңдерін мәнерлеп оқыды. «Ойлы жыр,орамды тіл» атты танымдық кеш  өткізілді.                

0 комментариев

Танысайық, жаңа кітаптар!

 2017 жылғы тамыздың 20-27 жұлдызы аралығында аудандық кітапханада «Жаңа түскен әдебиеттер» атты жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге білім салалары бойынша жаңадан түскен 120 дана кітап қойылды. Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат-оқырмандарға жаңа түскен кітаптарды кеңінен насихаттау, олардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға тарту. Көрмеге ақын-жазушылардың шығармалары мен шетел аудармалары, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған кітаптар, тарихи деректер мен энциклопедиялар, ауыл шаруашылық, медициналық, педагогикалық, психологиялық оқулықтар мен мәдениет пен өнер, сондай-ақ оқушыларға арналған танымдық кітаптар қойылды. «Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері» әдеби альманах, Д. Мәсімханұлының Таңдамалы 3 томдық, С.Қорабайдың «Қазақтың сал-серілері» танымдық жинақ, М.Қыдырбаевтың «Сиқырлы саз сырлары» күй тарихы.«Ұлы дала елі» қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі, тағамдары.Кітап үш тілде жазылған: қазақша,орысша, ағылшынша., Қ.Елеместің «Шырағым-ай» әдептілік туралы әңгімелер жинағы, Н.Құлбаевтың «Біз қонақжай елміз» фотоальбом, Е.Тоқсанұлының «Бауырым-ай» шығармасы, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы-айтулы мерекеге орай спорт тақырыбына арналған тұңғыш роман. О.Сүлейменовтің бес томдық шығармалар жинағы, А. Абасилов «Әлеуметтік лингвистика сөздігі» әлем тілдері туралы қысқаша мәліметтер, Ә.О.Жалдыбаевтың «Темірбек Жүргенов-Қазақстандағы тұңғыш озық мәдениет революциясының…

0 комментариев

Ата Заң – елдің тұғыры

29 тамыз күні аудандық кітапхана мен мұражай қызметкерлері бірлесе «Ата Заңымыз – абырой, дәстүр, арымыз!» атты дөңгелек үстел өткізді. Сонымен қатар «Ата Заң – елдің тұғыры» кітап көрмесіне шолу жасалды. 29 августа 2017 года районная библиотека совместно с музеем провели круглый стол на тему «Ата Заңымыз – абырой, дәстүр, арымыз!». А также провели обзор книжной выставки «Ата Заң – елдің тұғыры».  

0 комментариев