Кітапханалық сабақ

    Сәуір айының 18 күні Дөң ауылдық орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нуржанова Анаргул Кадиржановна және кітапханашы Курманова Кулипа Сабитовна аудандық кітапханаға саяхатқа келді. Келу мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында келіп түскен жаңа кітаптармен танысу. Оқушылар кітаптардың көптеген түрлерімен танысып, кітапхана бөлімдерінде болды. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Т.С.Жиенбаева «Ғажайып табиғат әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырып, қызықты әр кітаптың авторы мен мазмұнын қысқаша айтып отырды. Оқу залы – турлі ақпараттар жиынтығы болып табылатын бөлім. Сонымен қатар газет, журналдар да бар. Кітапханашылар Н.Ж.Тугелова мен М.М.Жанаева оқу залында «Рухани жаңғыру» кітап көрмесіне шолу жүргізіп, оқушыларға кітапханада өткізілетін іс шараларға қатысуға болатындығын тусіндірді. Сондай - ақ кітапханашы Д.Мангалова оқушыларға кітапханада өткізілген іс шараларды слайд арқылы көрсетті. Алғаш рет келген сынып оқушыларына кітап көрмесі ұнап, кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдірді.   18 апреля районную библиотеку посетили ученики 8-9 го класса п.Дон с классным руководителем Нуржановой Анаргуль Кадыржановной и школьным библиотекарем Курмановой Кулипой Сабитовной. Целью визита является ознакомление с…

0 комментариев