Поэзия — тербетеді жүрегімді

    Никельтау ауылдық округінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында аудандық кітапхана мен Никельтау ауылының ұйымдастыруымен Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының директоры, ақын Қалдина Гүлжайнар Нәренқызымен кездесу өтті. Шараның мақсаты – жастарға қазақ поэзиясын насихаттау, ақынның шығармашылық жолымен таныстыра отырып, өлеңдерін оқырман жүрегіне жеткізу. Сонымен қатар, кездесуге ақын, «Керек инфо» газетінің бас редакторы Кереева Индира Мұратқызы, «Шұғыла» шығармашыл жастар клубының мүшелері Асан Бекжан, Орынбасаров Исатай, Арынова Сымбат, Хромтау аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ракишева Жайнагүл Баймағамбетызы, Никельтау ауылдық округінің әкімі Әлмұратов Нұрлан Болатұлы және ауыл тұрғандары қатысты. Ауыл әкімі Нұрлан Болатұлы шараның жастарға берер тағылымы көп екенін айтып, келген қонақтарға жылы лебізін білдірді. Шара барысында Гүлжайнар Нәренқызының өмірбаяны мен шығармашылық жолы баяндалды. Кездесуде жиналған тұрғындар көкейдегі сұрақтырын қойып, ақынмен сұхбаттасты. Никельтау орта мектебінің оқушысы Амангелді Ілиястың «Поэзияның келешек ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуге қандай әсері бар? деген сұрағына Гүлжайнар Нәренқызы: -Қазіргі «Рухани жаңғыру» жаңғыру бағдарламасы бойынша көптеген шаралар өтуде. Бұған дәлел бүгінгі кездесу. «Рухани…

0 комментариев

«Мәдениет – рухани байлық»

     27 сәуір күні Кеншілер мәдениет үйінде мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында және Хромтау Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдығына арналған « Мәдениет-рухани байлық » атты форум өтті. Форумның мақсаты- мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және ұлттық мәдениетті насихаттау. Форумға Ақтөбе облыстық халық шығармашылық орталығының мәдени – демалыс ұйымдастырушысы С.Қобланова және облыстық С.Бәйішев атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасының кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі С.Қ.Райымкулова, ауылдық және аудандық мәдениет қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, шара барысында аудандық кітапхана қызметкерлері «Мүмкіндіктері мол өлке » кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге Хромтау ауданының тарихы, қазба байлықтары,батырлары туралы жазылған кітаптар қойылды.Кітапхана директоры Н.А.Жетесов библиографиялық шолу жасады. Шолу барысында қонақтар зер салып тындап, Хромтау өңіріне байланысты өз сұрақтарын қойды. Соның ішінде, Бөгетсай ауылының кіші энциклопедиясы кітабына кеңірек тоқталды. Форум соңында мәдениет саласында көп жыл еңбек еткен зейнеткерлерге гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталып, мерекелік шара сазды бағдарламамен жалғасты.    27 апреля в рамках программы «Рухани жанғыру»:взгляд в будущее и к…

0 комментариев

«Кітапханалық туризм»

    26 сәуір күні аудандық кітапханада Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Кітапханалық туризм» жобасы өткізілді. Жоба негізінде жасақталған топ құрамында елімізге танымал зиялы қауым өкілдері, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен облыстық кітапханалардың мамандары болды. Жоба мақсаты: шалғайдағы кітапханалардың жұмыстарымен танысу және әдістемелік көмек көрсету.Шараға аудан әкімінің орынбасары Шілманов Сейтмағанбет Қуандықұлы, аудандық кітапхананың қызметкерлері, ауылдық кітапханашылар және қала мектептерінің ұстаздары мен кітапханашылары қатысты. Келген қонақтар өздерін таныстырып, кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында қатысушыларга тренинг өткізді. Слайд арқылы Ұлттық кітапхананың жұмысын көрсетті. Топ құрамындағы ақын Ершу Маржан өлең шумақтарын оқып, өнерімен таң қалдырды. Ұлттық кітапханының қызметкерлері аудандық кітапханаға «Қазақтың дәстүрлі 1000 әні», «Қазақтың батырлық жырлары» атты томдық кітаптарын сыйға тартып, Аудандық кітапхананың құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Имандосова Нұржамал Сапатайқызы және Бөгетсай ауылдық кітапхананың кітапханашысы Тоқсанбаева Маржан Қалиоллақызы ұлттық кітапхананың алғыс хаттарымен марапатталды. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құрылған топ өңірдің тұрмыс-тіршілігімен танысып, Денешынықтыру және сауықтыру кешеніне экскурсия жасады. Хромтау Тау-кен техникалық колледжі студенттерімен кездесіп, қаламыздың мектеп…

0 комментариев