Балалар кітабы апталығы

 29- наурыз күні Апталықтың ашылу салтанатына сынып жетекшілерімен бірге №1,3,5 мектептің  1-5 сынып оқушылары қатысты. Дәстүрге сай «Кітап-ғажап әлем» атты кітап көрмесімен таныстырылды. Көрмеге балалар кітабының атасы Қадір Мырза-Әлінің томдық кітаптары мен Т. Молдағалиев, Ы.Алтынсарин, С. Мұратбеков, Б.Соқпақбаев сынды  жазушылардың  кітаптары сондай-ақ әлем балалар әдебиетінің үлгісінен   шетел жазушыларының қазақ тіліне аударылған шығармалары да көрініс тапты. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытып отырды. Балалар жазушысын біразы білсе, көбі білмей жатты. Сол себепті балаларды өз өлкесі мен туған жерінің тарихын, ақын-жазушыларын білу, таныту мақсатында  көптеген    қаламгерлермен олардың туындылары  жайлы мағлұмат берілді.        30- наурыз күні Кітап апталығы бағдарламасына сәйкес «Ертегілер еліне саяхат» ертеңгілігі өткізілді. Балалардың ертегілерге деген қызығушылығын арттыру, оқырмандарды жаңа кітаптармен таныстыру мақсатымен «Бір, екі, үш! Ертегі әлеміне түс!» атты жұмбақ-ойын ұйымдастырылды. Балалар «Сөзді аяқта», «Ертегі кейіпкерлерді тап» т.б. ойындарын көңілді ойнап, жаңа кітаптардан оқыған ертегілерді қызыға тыңдады. Балалардың қатысуымен «Бауырсақ», «Аңқау қасқыр» қойылымдары көрсетілді. Іс-шара барысында «Шалқан», «Қызыл телпек», «Үйшік», «Бауырсақ», «Дос іздеген бота» және…

0 комментариев

«Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын»

    4 сәуір күні Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Береке басы - Наурыз» этнографиялық танымдық көрме жасақталып, «Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын» тақырыбында қыздарға қатысты әшекей, зергерлік бұйымдардан көрме өткізілді. Көрмеге №6 мектеп-гимназиясының 5-7сынып оқушылары қатысты. №6 мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі Бақбергенова Гулнұр Темірханқызы «Қазақ қызының әшекейі, құнды жәдігер» тақырыбында оқушыларға қысқаша мәлімет берді. Аудандық кітапхана қызметкері Н.Ж.Тугелова оқушыларға әшекей бұйымдар туралы «Зергерлік өнер әлемі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады.   4 апреля в Хромтауском краеведческом музее состоялась выставка ювелирных изделий. В выставке приняли участие ученики 5-7 классов школы-гимназии №6. Учитель истории школы-гимназии № 6 Бакбергенова Гульнур Темирхановна сделала краткий обзор на тему «Қазақ қызының әшекейі, құнды жәдігер». Библиотекарь районной библиотеки Нурсулу Тугелова провела библиографический обзор книжной выставки «Зергерлік өнер әлемі».      

0 комментариев

«Ақ орамал – ізгіліктің бастауы»

    28 наурыз күні Хромтау аудандық кітапхана қабырғасында кітапхана және аудандық мәдениет үйі қызметкерлері «Ақ орамал» республикалық акция аясында «Ақ орамал – ізгіліктің бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараның мақсаты – аталы сөзден аттамай, салтын сақтап, дәстүрін дәріптеген, қасиеті қанына сіңген қазақ ұлтының өнегеге толы өмірінің бір бөлшегі – ақ орамалдың қасиетін қастерлеп, жастарға жеткізу. Дөңгелек үстелге облыстық және аудандық шараларға белсене қатысып жүрген «Замандастар» халықтық хор ұжымының ақ жаулықты аналары қатысты. Дөңгелек үстел барысында әуезді әндер айтылып, өлеңдер оқылды. Ақ жаулықты аналарымыз орамал жайлы орамды ойларын айтып, пікір білдірді. Мұсылман халқының әйелдері үшін орамал тағу парыз саналған. Батыс елдерінде орамалды қорғаныш ретінде тағатын болса, қазақ халқы үшін орамал – ибалықтан, инабаттылықтан көрініс береді. Орамал – құрмет пен қасиетке ие болған әйел адамның көркіне көрік, әдемілігіне сән қосқан әшекей. Құстың қауырсынындай салмаққа ие болса да үлкен қасиетке ие, - деді «Замандастар» халықтық хор ұжымының мүшесі Садыкулова Мария анамыз. Қазақ әйелдері үшін орамал – тазалық пен тәртіптің белгісі.…

0 комментариев