«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

    24 сәуір күні аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 1- Мамыр «Қазақстан халықтарының бірлігі» күні қарсаңында «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты ертеңгілік өткізілді. Бұл мерекелік шараны № 5 мектеп-гимназиясының 1«а» сынып оқушыларымен мұғалімі Дүйсенгалиева Ақбаян Кумаровнамен бірлесе отырып ұйымдастырдық. Ертеңгілікте бүлдіршіндер елімізде мекендейтін ұлт өкілдерінің мәдениетін, салт – дәстүрін, киім үлгілерін насихаттады. Ертеңгілік барысында өздері даярлаған ұлттың барлық ұлттық құндылықтарын көрсетіп, жарастықты, бірлікті ұрандай келе, барлығына үлкен шаңырақ бола білген Қазақстан Тәуелсіз Мемлекеті екенін айқын дәлелдеді. Өз қолдарымен түрлі түсті ленталардан жасаған шаңырақ астында «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен нақышына келтіріп орындады. Бүлдіршіндер мереке мәнін аша түсетін «Бірлік бар жерде – бақыт бар» және \"Бауырласпыз, туыспыз! \"атты тақпақтар оқыды. Достық, бірлік тақырыбын насихаттайтын «Бірлік» атты қойылым көрсетіп, әртүрлі қырғыз, өзбек, үнді, грузин, тәжік, орыс, украин т.б және өзіміздің ұлттық қазақ киімін киген оқушылар достық сезімдерін өлең шумақтарын айтып, «Дос болайық бәріміз!», «Әрқашан күн сөнбесін!», «Ақ көгершін», «Қазақ елі осындай!» әндерін көтеріңкі көңілмен шырқады. Қыздарымыз басқа ұлтың…

0 комментариев

Кітапханалық сабақ

    Сәуір айының 18 күні Дөң ауылдық орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Нуржанова Анаргул Кадиржановна және кітапханашы Курманова Кулипа Сабитовна аудандық кітапханаға саяхатқа келді. Келу мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында келіп түскен жаңа кітаптармен танысу. Оқушылар кітаптардың көптеген түрлерімен танысып, кітапхана бөлімдерінде болды. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Т.С.Жиенбаева «Ғажайып табиғат әлемі» атты кітап көрмесімен таныстырып, қызықты әр кітаптың авторы мен мазмұнын қысқаша айтып отырды. Оқу залы – турлі ақпараттар жиынтығы болып табылатын бөлім. Сонымен қатар газет, журналдар да бар. Кітапханашылар Н.Ж.Тугелова мен М.М.Жанаева оқу залында «Рухани жаңғыру» кітап көрмесіне шолу жүргізіп, оқушыларға кітапханада өткізілетін іс шараларға қатысуға болатындығын тусіндірді. Сондай - ақ кітапханашы Д.Мангалова оқушыларға кітапханада өткізілген іс шараларды слайд арқылы көрсетті. Алғаш рет келген сынып оқушыларына кітап көрмесі ұнап, кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдірді.   18 апреля районную библиотеку посетили ученики 8-9 го класса п.Дон с классным руководителем Нуржановой Анаргуль Кадыржановной и школьным библиотекарем Курмановой Кулипой Сабитовной. Целью визита является ознакомление с…

0 комментариев

Байқауға шақырамыз!!!

2018 жылдың 5 сәуір – 15 маусым аралығында А.Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы»                                                                       Онлайн-Байқауы БАЙҚАУДЫҢ ШАРТТАРЫ: - Эссе: «Абайша сүйіп – Абайша күйіп жүрміз бе?»            «Абай дара- Абай дана қазақта»            «Абай тағылымы тәрбие үрдісінде»            «Абай поэзиясынан менің түйгенім»               (таңдаған тақырыптар бойынша)         - Ақынның өлеңін мәнерлеп оқу (бейне жолдау) - Абайға арнау  Өтініштер 2018 жылғы 5 сәуірден - 15 маусымға дейін қабылданады. Мекен-жайы: Хромтау қаласы, Ә.Молдағұлова көшесі – 7, Хромтау аудандық кітапханасы. Өтініштеріңіздіbiblhrom2009@mail.ru электрондық поштасына жіберуіңізге болады. Қорытындылау – 2018 жылдың 15-20 маусым  аралығында. КЕЗ КЕЛГЕН АДАМ БАЙҚАУҒА ҚАТЫСА АЛАДЫ!!! Абай Құнанбаевтың шығармашылығын ашатын үздік жұмыстар, ең белсенді әуесқой оқырмандар бағалы сыйлықтармен және жүлделермен марапатталады. hrb.kz БІЗДІҢ САЙТҚА ТІРКЕЛІҢІЗДЕР, ҚАТЫСЫҢЫЗДАР, ҰТЫҢЫЗДАР!!!   Байланысатын тұлға: Мангалова Дана Мараловна Байланыс…

0 комментариев