«Кітапхана жұмысында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қызмет көрсету жолдары».

  25 маусым күні аудандық орталық кітапханасында «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Кең көлемдегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстары және өзекті мәселелерді шешу» бойынша «Кітапхана жұмысында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы қызмет көрсету жолдары» тақырыбында шеберлік класcы өтті. Шеберлік класында С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері – құжаттарды өңдеу, жинақтау бөлімінің кітапханашы-редакторы Маханова Зоя Арасовна, автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы Келмағамбетова Айнұр Викторқызы, кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Утегенова Ақбөкен Сәрсенбайқызы және оқу залының кітапханашысы Жұмағалиева Алмагүл Сансызбайқызы кітапханаларды ондық жүйеге көшіру, web-rabis бағдарламасын қондыру, мобильді технологияларды қолдану, коворкинг орталықтарын ашу сынды тақырыптарда баяндамаларын жасады. Оған аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 15 кітапханашы қатысып, өздеріне керекті мол ақпарат алды. Жұмыс барысында баяндамашылар кітапханашылардың сұрақтарына толық жауап берді.         

0 комментариев

«Ашық аспан астындағы оқу залы»

 21 маусым күні аудандық кітапханада Астананың 20 жылдығы мен облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында  «Ашық аспан астындағы оқу залы» атты кітап көрмесі өткізілді. Көрменің мақсаты жазғы демалыс кезінде оқушыларды кітап оқуға, бос уақытын тиімді өткізуге дағдыландыру. Сонымен қатар, кітапханаға тұрақты оқырман ретінде жазылуға мүмкіндік беру. Көрмеге  №4 орта мектептің 2-3 класс оқушылары мен жетекшілері Бижанова Асем, Баймурзина Санимгул қатысты. Кітапханашы Жанаева Мөлдір  ертегілер әлеміндегі қызықты кітаптар мен энциклопедияларға  шолу жасады. Балалар кітаптарға қызығушылықпен қарап, ертегі әлеміне кіргендей  болды. Орталық алаңда шашка, дамино, пазл және т.б үстел ойындары ұсынылды. Оқушылар II топқа бөлініп, түрлі  эстафеталық  ойындармен сайысқа түсті. Сұрақ-жауап шартында балалар Астанаға байланысты сұрақтарға белсенді түрде жауап берді. Шара соңында II топқа сыйлықтар табысталып, кепілдеме хаттары таратылды.                              

0 комментариев

«Тарихтағы ұмытылмас қасірет»

     31 мамыр күні №6 мектеп-гимназиясында «Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу» күніне орай Хромтау аудандық орталық кітапхана «Тарихтағы ұмытылмас қасірет» атты кітап көрмесін жасақтады. Көрмеге Т.Абылайхановтың «Сұрапыл жылдар», З.Байдосұлының «Зұлмат пен үрей:Зобалаң анатомиясы», Қ.Сақтың «Алаш мұрасы», Д.Қамзабекұлының «Алаштың рухани тұғыры», Хромтау өңірі:Қуғын сүргін құрбандары, «Нәубет» және т.б әдебиеттер мен мерзімді басылымдар пайдаланылып, оқырмандарға таныстырылды. Шараға ҚР Мәжіліс парламентінің депутаты, әлеуметтік–мәдени даму комитетінің мүшесі Бақытбек Смағұл, аудан әкімі Аманғали Бердалин қатысты.   31 мая в школе-гимназии №6 состоялась встреча памяти жертв политических репрессии. Хромтауская районная библиотека организовала книжную выставку «Тарихтағы ұмытылмас қасірет»,на выставке были представлены книги Қ.Сақтың «Алаш мұрасы», Д.Қамзабеков «Алаштың рухани тұғыры», Хромтау өңірі: Қуғын сүргін құрбандары, «Нәубет» и другие произведения. На мероприятии приняли участие Депутат мажилиса парламента РК Бакытбек Смагул и аким Хромтауского района Амангали Бердалин.   

0 комментариев