«Домбыра үні»

 ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Домбыра күніне орай аудандық кітапхана, мәдениет үйі және тарихи-өлкетану музейінің  ұйымдастыруымен алғаш рет «Домбыра үні» атты мерекелік шара өткізілді. Қазақ халқының музыкалық мұрасы – домбыра түрлері мен домбыра өнерінің пайда болуы, аспаптың шығу тегі жөнінде ақпарат бере отырып, жас ұрпақтың  домбыраны үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілген шара барысында аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Нұргүл Аманғалиева домбыраның шығу тегі, пайда болуы жайында баяндама оқыды. Шара барысында мәдениет үйінің домбырашысы Ғани Бейсенов Жәнібек Кәрменовтың «Жігіттерге өсиет» атты термесін, ауданымыздан түлеп ұшқан домбырашы Жанболат Аманғалиев Құрманғазының «Серпер», «Алатау» күйлерін көрермендерге тарту етті. Домбыра үйірмесінің шәкірті Батыр Қайназар Дәулеткерейдің «Ерке сылқым», Н.Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін орындады. Терме үйірмесінің жетекшісі Естай Утеулиев Тұрмағамбет пен Наурызбектің термелерін, ал терме үйірмесінің шәкірті Сымбат Нұржанқызы «Ағайша» әнін орындап қалың көпшіліктің ықыласына бөленді. Кітапханашы Мөлдір Жанаева «Қазағымның қазынасы – домбыра» атты кітап көрмесіне шолу жасап, оқырмандарға қазақ музыка өнерімен таныстыратын кітаптарды оқуды ұсынды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізілген мерекелік шарада көрермендер домбыра жөнінде біраз мәлімет алды. Мереке соңында «Қазақ тілі» қоғамының…

0 комментариев

Ашық аспан астындағы оқу залы

    28 маусым күні  аудандық кітапхана алаңында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында «Ашық аспан астындағы оқу залы» ұйымдастырылды. Шара №1 орта мектебінің оқушылары мен жетекшісі Қажиғалиев Сұлтан Алдабергенұлының қатысуымен өтті. Кітапханашы Жанаева Мөлдір ертегі әлеміндегі қызықты  кітаптармен таныстырып, оқушыларды бос уақытында кітапханаға келіп кітап оқуға шақырды. Балалар алаңдағы үстел ойындарына жайғасып шахмат, шашка, дамино, пазыл ойындарын ойнады. Көңілді старт ойындарынан оқушылар үш топқа бөлініп сайысқа түсті. Нәтижесінде кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Ж.Б.Айтанатова оқушыларды көңілді старт ойындарына белсене қатысқандары үшін барлығына сыйлықтар таратты. Оқушылар кітапхана ұжымына өз алғыстарын білдірді. Кітапхана директоры Н.А.Жетесов  жазғы демалыс лагерінің жетекшісі С.А.Қажығалиевқа алғыс хат табыстады. Шара соңында барлық қатысушыларға кепілдеме хаттар мен жадынамалар таратылып, естелік суретке түсті.            

0 комментариев

«Халқының жүрегінде ақын жыры»

 26 маусым күні аудандық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен елімізге әйгілі ақын, атақты азамат, белгілі педагог - Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Халқының жүрегінде ақын жыры»атты әдеби кеш өткізілді. Кештің мақсаты:  ақын өмірі мен шығармашылығы, поэзия әлеміндегі алатын орны. Ақынның қуатты өлеңдері арқылы жастардың жүрегіне от беретін үнді әуен қалдыру. Әдеби кеш  мектеп оқушылары мен мектептен тыс білім беру орталығы мұғалімдерінің қатысуымен өтті. Оқушылар Мағжанның өлеңдерін нақышына келтіріп, тебірене оқыды. Батыр бабаларымыздың ерлігін жырлаған «Батыр Баян» деректі фильмінен қысқаша үзінді көрермендер назарына ұсынылды. Кітапханашы Тугелова Нұрсұлу Жұмабекқызы «Мағжан мұрасы – ұрпақ санасында» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасады. Мағжан поэзиясы мәңгі өшпес, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар алтын көпір, асыл қазына, махаббат, сүіспеншілік, адам жүрегінің мың сан дірілін шеберлікпен бейнелеген жұп-жұмыр жауһар дүние. Кеш соңында сөз кезегі Аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мәриям Төреғалиқызына берілді. Кітапхана ұжымы мен оқушыларға өз лебізін білдіріп, жас ұрпақтың Тәуелсіз еліміздің  сенімді, білімді азаматы болып өсулеріне тілектес екенін айтты.            

0 комментариев