Кітапханаға саяхат

 Кітапхана қызметкерлері №9 «Ер төстік» бөбекжай – балабақшасына жаңа кітаптарды апарып таныстырды,ересек топ бүлдіршіндерін кітапхананы пайдалану ережесімен таныстырып, кітапхана, кітап қорындағы балаларға арналған кітаптар туралы мәлімет берді.Балаларға ертегі туралы бірнеше сұрақтар қойып, балалардың жауаптары тыңдалды. «Қызықты кітаппен достасайық» атты кітап көрмесіне кітапханашы Тамара Сагирқызы шолу жасады. Кітап көрмесі балаларға қызықты болып,қолдарына кітап алып, парақтап мақтанышпен алғашқы кітабында таңдап жатты. Бүлдіршіндер мен тәрбиешісі Нұржанова Мақсат Дастанқызы, балабақша меңгерушісі Есетова Алмагүл Есетқызы арнайы кітаптардан жасақталған жайылмалы кітап көрмесін тамашалап, естелікке суретке түсті.        

0 комментариев

«Бір ел-бір кітап» акциясы

  22 - қыркүйек күні №5 мектеп-гимназиясының ұйымдастыруымен аудандық кітапхананың қатысуымен, «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Қазақ әдебиетінің ақсұңқары Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына арналған танымдық сағат өткізілді. 8-сынып оқушысы Бисекеева Алина ақын өмірі мен шығармашылығына баяндама жасады. Шара барысында оқушылар Шәкәрім өлеңдерін мәнерлеп оқумен қатар,ақынға тән қасиеттерді ағылшын тілінде жалғастырды. Сондай-ақ, ақын өміріне қызығушылық танытқан оқушылар Ш.Құдайбердіұлының ұлағатты сөздерін де жатқа айтты. Бисекеева Алина өз шығармашылық қабілетімен ақынға арнау өлең шығарып,өз жұмыстарымен таныстырды. Аудандық кітапхана «Шәкәрім мұрасы-өшпес ғұмыр» атты кітап көрмесін жасақтап, кітапханашы Тугелова Нурсулу кітаптарға шолу жасады. Мектеп кітапханашысы Елеусизова Нургүл оқушыларға шараға белсене қатысқаны үшін алғысын білдіріп, танымдық сағатты естелік сүретке түсумен аяқтады         

0 комментариев

Кітапхана-балабақша

 29 -тамыз күні  аудандық орталық кітапханасының балалар әдебиеті бөлімі қаламыздың №7 «Еркетай» балабақшасында «Самұрық» тобының бүлдіршіндері мен тәрбиешісі Мурзагулова Камшат және балабақша әдіскері Джанадилова Инабаттың қатысуымен «Жазғы оқу» бағдарламасы аясында «Кітапхана-балабақша» атты кітап әлеміне саяхат өткізілді. Мақсаты: Кітапхана өмірімен таныстыру, білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру; бүлдіршіндердің кітапқа деген қызығушылығын арттыру; кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу.«Балаларға базарлық» атты тақырыптан құралған көрмеге көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең -тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ- жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды. Кітап әлемінің шынайы кітапшасымен, сыртқы түрлері бойынша ғана емес, көлемі бойынша айырмашылықтары бар – бүктемелі кітапшалар, дыбысты сөйлейтін кітапшалар, әуенді кітапшалар, керме-ашылмалы панорама кітапшалар, ойыншық кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және тағы басқаларымен таныстырылып, балаларға өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді. Бүлдіршіндермен бірге сұрақ – жауап арқылы қандай ертегілерді білетіндері тексерілді. Қызықты бағдарламаның арқасында мектеп алды балалары…

0 комментариев