2018 жылдың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі

    21 желтоқсан күні аудандық кітапханада жыл қорытындысы бойынша кітапханашыларды марапаттау және жылдың мерейтой иелеріне арналған салтанатты кеш ұйымдастырылды. Оңғар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Амельченко Наталья Григорьевна 35 жыл, Ақжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы ОмароваҰлболсын Мақсатқызы 15 жыл, Хромтау аудандық кітапханасының кітапханашысы Жиембаева Тамара Сағырқызы 10 жыл кітапхана саласында қызмет етіп, еңбектері еленіп мерейтой иелері алғыс хатпен марапатталды. Жаңа заман талабымен жұмыс жасап , ізденіп, жастардың тәрбиесіне өз үлесін қосып жүрген Аққұдық ауылдық кітапханасының кітапханашы Гүлайым Кенжебайқызы және Тамды ауылдық кітапханасының кітапханашысы Дания Рустемқызы - кітап жанашыры, Тассай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Акмарал Карина - ізденімпаз кітапханашы номинацияларымен марапатталды. Бөгетсай модельді ауылдық кітапханасына «Үздік кітапхана- 2018» номинациясы берілді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлеріне жаңа жылдық әзіл аралас номинациялар беріліп, аудандық кітапхананың директоры Жетесов Нұртай Алмасұлының жаңа жылдық құттықтау сөзімен аяқталды.    21 декабря 2018 года в районной библиотеке прошло чествование юбиляров и официальная церемония награждения библиотекарей района по итогам отчетного года. Библиотекари Амельченко Н.Г. (Онгарская сельская библиотека – 35 лет стажа),Омарова…

0 комментариев

«Патриотты жастар- ел болашағы»

    14 желтоқсан күні аудандық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Патриотты жастар- ел болашағы» атты дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: қазақ елінің ержүрек батырлары мен елі, жері үшін аянбай күрескен ұлттың ұлыларының ерлігін үлгі ету, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, шыңдау; ойын ашық айтуға, көркем, әдеби тілде сөйлей білуге төселдіру. Дөңгелек үстелге № 2 мектеп-гимназиясының кітапханашысы Акказиева Г.К. мен 11 сынып оқушылары және кітапхана қызметкерлері қатысты. Оқушыларға патриотизм туралы сұрақтар қойылды:«патриот» деген кім, Өз Отанының «патриоты» қандай болу керек?,Ол қандай қасиеттерге ие болады?- осы сұрақтар бойынша өз ойларын ортаға салып, пікір алмастыруда Тлеуов А.,Тұрғанбай А.,Болатов Б.,Рсалина К., Утегенов А., Сидакина А., Жұмабаева Г.,Жумагаулов Д. белсенді қатысты.    14 декабря 2018 года в читальном зале районной библиотеки прошел круглый стол «В патриотизме молодежи – будущее Казахстана», посвященный Дню Независимости Казахстана. Он был организован совместно с заведующей библиотекой КГУ «Хромтауская гимназия № 2» Акказиевой Г.К. Ведущая круглого стола Тымбаева М.К. в своем приветственном выступлении отметила, что тема казахстанского…

0 комментариев

«Үздік оқырман-2018»

    6 желтоқсан күні аудандық кітапхана оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту мақсатында жылдың қорытындысы бойынша «Үздік оқырман-2018» марапаттау кешін ұйымдастырды. 2018 жылы жыл көлемінде кітапханаға үзбей келіп, ең көп кітап оқыған, мәдени шараларға қатысып, клуб отырыстарында белсенділік көрсеткен тұрақты оқырмандар әртүрлі номинациялар бойынша марапатталды. Кітапханада өтетін көлемді шаралардың ұйтқысы болып, ақыл кеңесін беріп, ауданымызда тіл мәртебесін көтеруде аяусыз тер төгіп жүрген, тіл жанашыры Мәриям Төреғалиқызына «Кітап жанашыры» номинациясы берілді. «Кітапхананың ең белсенді оқырманы» номинациясы бойынша Нурмуханбетов Алмат Сайлаубайұлына, «Кітапханаға адалдық үшін» номинациясы бойынша Кулетенов Куаныш Ахметұлы, «Балалар әдебиеті бөлімінің ынталы оқырманы» номинациясы бойынша Еркін Нұрдәулет, «Балалар әдебиеті бөлімінің үздік оқырманы» номинациясы бойынша Нурмагамбетова Алмажан, «Үздік жасөспірім оқырман» номинациясы бойынша Якиева Акжан, «Үздік оқырман отбасы» номинациясы бойынша Дербисбаевтар отбасы, «Үздік оқырман – 2018» номинациясы бойынша Костикова Любовь Ивановна, «Үздік оқырман мектеп» номинациясы №3 Хромтау орта мектебі, Кітапхананың сенімді серіктесі» номинациясы бойынша №3 Хромтау орта мектебінің кітапханашысы Талтанова Айгүл Амандыққызы, «Үздік оқырман балабақша» номинациясы бойынша №7 Еркетай бөбекжай-балабақшасы…

0 комментариев