2018 жылдың қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі

    21 желтоқсан күні аудандық кітапханада жыл қорытындысы бойынша кітапханашыларды марапаттау және жылдың мерейтой иелеріне арналған салтанатты кеш ұйымдастырылды. Оңғар ауылдық кітапханасының кітапханашысы Амельченко Наталья Григорьевна 35 жыл, Ақжар ауылдық кітапханасының кітапханашысы ОмароваҰлболсын Мақсатқызы 15 жыл, Хромтау аудандық кітапханасының кітапханашысы Жиембаева Тамара Сағырқызы 10 жыл кітапхана саласында қызмет етіп, еңбектері еленіп мерейтой иелері алғыс хатпен марапатталды. Жаңа заман талабымен жұмыс жасап , ізденіп, жастардың тәрбиесіне өз үлесін қосып жүрген Аққұдық ауылдық кітапханасының кітапханашы Гүлайым Кенжебайқызы және Тамды ауылдық кітапханасының кітапханашысы Дания Рустемқызы - кітап жанашыры, Тассай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Акмарал Карина - ізденімпаз кітапханашы номинацияларымен марапатталды. Бөгетсай модельді ауылдық кітапханасына «Үздік кітапхана- 2018» номинациясы берілді. Сонымен қатар, кітапхана қызметкерлеріне жаңа жылдық әзіл аралас номинациялар беріліп, аудандық кітапхананың директоры Жетесов Нұртай Алмасұлының жаңа жылдық құттықтау сөзімен аяқталды.    21 декабря 2018 года в районной библиотеке прошло чествование юбиляров и официальная церемония награждения библиотекарей района по итогам отчетного года. Библиотекари Амельченко Н.Г. (Онгарская сельская библиотека – 35 лет стажа),Омарова…

0 комментариев