\»Таңғажайып ертегілер әлемі\»

 30 наурыз күні аудандық кітапхананың оқу залында балалар кітабы апталығы аясында «Таңғажайып ертегілер әлемінде» атты әдеби саяхат өтті. Шараның мақсаты: ертегілер туралы түсінік беріп, білуге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, түрлі-түсті безендірілген кітаптармен таныстырып, ой-өрісін кеңейтуге көмектесу. Балалардың көңілдерін көтеріп қуаныш сыйлау. Бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыруда ертегілердің маңызы зор. Тапқырлық пен төзімділікке, достыққа тәрбиелейтін ертегілерді тыңдап өскен бала мейірімді, үлкенді сыйлайтын, өз елін қорғайтын азамат болып өсуіне ықпал етеді. Осы шара барысында кітапхана қызметкерлері әртүрлі ертегі кейіпкерлерінің киімдерін киіп балалармен ойын ойнап, қойылым көрсетті. Қазақ халық ертегілерінің кейіпкерлеріне байланысты жұмбақтар қойып,сонымен қатар балаларға арналған ойындар, қызықты сайыстар өткізілді. Балалар әдебиеті бөлімінің кітапханашысы Жиембаева Тамара «Кітап – сарқылмас рухани әлем » атты кітап көрмесімен таныстырды. Көрмедегі әсем безендірілген ертегі, әртүрлі ойындар туралы кітаптарға, балалар қызығушылық танытты. Бұл өткізілген шараға №3,5 мектеп оқушылары мен Мектептен тыс білім беру орталығының «Шабыт» би үйірмесінің қыздары белсене қатысты.       

0 комментариев

«Кітап әлемі»

 Аудандық кітапхананың оқу залында наурыз айының 29 күні «Балалар кітабы апталығы» аясында «Кітап әлемі» тақырыбында кітапханалық сабақ өткізілді. Балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру,кітапты күтіп ұстауға, оны дұрыс таңдауға, кітапхана қорын пайдалана білуге тәрбиелеуге арналған шараға №1 мектептен мектеп алды даярлық сыныбы оқушылары мен мұғалімі Марат Амандық және Мектептен тыс білім беру орталығының үйірме оқушылары және мұғалімдері Бисенбаева С.А, Дүйсенова А. қатысты. Ертегілер әлеміне саяхат жасалып кейіпкерлерімен таныстырылды. «Көңілді поезбен» кітапхананың бірнеше аялдамасына тоқтап, кітапхана бөлімдеріне саяхат жасалды. Балалармен ой сергіту ойындары ойналып, кітап туралы викториналық сұрақтар қойылды.       

0 комментариев

«Кітап деген ғажайып әлем»

 Жылдағы дәстүр бойынша аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде аталып өтетін балалар кітап апталығы биылда жалғасын тапты. Осыған орай әр күн сайын 28 наурыздан 2-ші сәуірге дейін бірнеше іс-шара ұйымдастырылуда. 28 наурыз күні «Кітап деген ғажайып әлем» атты кітап апталығының ашылу салтанаты болды. Кешімізге №3,4,5 мектептің 1-5 сынып оқушылары мен мұғалімдері, балалардың ата -аналары қатысты. Балалар мерекелік бағдарламада ойын ойнап, викториналық сұрақтарға жауап берді. Оқу залында «Кітап- сарқылмас рухани әлем»» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда балаларға арналған қызықты ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер кітаптары қойылды. Оқу залы дәйек сөздермен толықтырылып, шарлармен безендірілді. Балалар көрмемен танысып, ондағы қойылған кітаптар туралы өз ойларын білдірді.       

0 комментариев