\»Наурыз оң болсын, ақ мол болсын!\»

Құрметті оқырмандар!      Сіздерді Хромтау аудандық кітапханасында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсанында жасақталған «Дәстүрлер жаңғырығы» этнобұрышын және \"Наурыз оң болсын, ақ мол болсын!” , «Бір мемлекет,көп ұлт,тұрлі тағам», \"Кулинарные шедевры классиков\" көрмелерін тамашалауға шақырамыз!Келіңіздер, көріңіздер!

0 комментариев

\»Кітаптар еліне саяхат\»

4 наурыз күні кітап оқуға тарту мақсатында № 7 мектеп-гимназиясының кітаханашысы Жақсыбай Қ.С. және аудандық балалар кітапханасы бірлесіп «Кітаптар еліне саяхат» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап көрмесі мектеп кітапханасының оқу залында өткізілді. Шара барысында балалар кітапханасының кітапханашысы Жаханова А. оқушыларды жаңа әдебиеттермен таныстырып, шолу жүргізді. Бастауыш сынып оқушыларымен «Кейіпкерлерді тап» атты викториналық ойындар ойналды. Сонымен қатар, оқушыларды білім көк жиегін кеңейтуге балалар кітапханасына шақырды.

0 комментариев

1 наурыз — Алғыс айту күні

Аудандық балалар кітапханасында  Алғыс айту күніне орай оқырмандардың  қатысуымен \"Алғыс жүректен шығады\" атты тәрбие сағаты өткізілді. Балалар осы мерекенің тарихы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы көптеген жаңа және қызықты мағлұматтармен танысып, «Алғыс айту күні» атты бейне-ролик дайындады. 

0 комментариев