15 сәуір — «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күні

15сәуір - «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ғашықтар күніне және Қазақстандағы балалар мен жастардың оқуын қолдау жылына орай өткен «Ғашық көңіл мәңгі жасыл айдын көл» айдарымен кітапхана инстаграмм желісіне онлайн байқау жарияланды.Байқауға Батыс Қазақстан Облысы Ақжайық ауданы, Есім ауылының тұрғыны, Жоғарғы инженерлік технологиялық колледжінің 3 курс студенті Мақсотов Ернар өз өтінімін беріп және Хромтау ауданының жастары белсенділік танытып қатыстырылды. Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар алғыс хат және сыйлықтармен марапатталады. Қатысушылардың бейнероликтерінің толық нұсқасын инстаграм парақшаларынан көре аласыздар. @bogetsaykitaphana @akzhar_kitapkhana @tasotkel_auyldyk_kitaphanasy @koktau_biblioteka @tassay_kitaphanasy @sarsai_kitaphana @kopa_kitaphana @biblioteka_tamdy

0 комментариев

12 сәуір — Ғарышкерлер күні

1961 жылы 12 сәуірде Қазақстанның Байқоңыр аймағынан тұңғыш космос кораблі ғарышқа аттанды. Сөйтіп, Юрий Гагарин – әлемнің тұңғыш ғарышкері, ал Байқоңыр – ғарыш аймағына айналды. Алғашқы ғарыш сапарынан кейінгі жылдары 500-ден аса ғарышкер аспан әлеміне сапар шегіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. Солардың ішінде Қазақстанның үш өкілі, өз елінің ұлттық батырлары, ұшқыш-ғарышкерлер: Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетовтер де бар. Олардың есімдері Қазақстан тарихы бетіне алтын әріптермен жазылды. 1991 жылы 2 сәуір айында Кеңес Одағы Ғарышкерлер даярлау орталығында ғарышқа ұшу дайындығынан өткен Тоқтар Әубәкіров сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа аттанды. Ғарыш кемесі жер төңірегіндегі «Мир» орбиталық кешенімен түйісті. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Т.Әубәкіров Кеңес Одағының батыры және Қазақстан Республикасының «Халық қаһарманы» атақтарының иегері. Екінші ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа үш рет ұшты. Ол 1994 жылы 1 шілдеде «Союз ТМ-19» экипажының борт инженері ретінде ғарыш сапарына аттанды. Оның әр жылдардағы ғарыштық экспедицияларының жалпы…

0 комментариев