25 маусымда Хромтау аудандық орталық кітапханасында ауылдық кітапханалар мамандарына арналған «Қазіргі заманғы кітапхананың жұмысын ұйымдастыру» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды. 🌟 Семинар бағдарламасы: 1️⃣ «Ауылдық кітапхана: қорды толықтырудан тиімді пайдалануға дейін» құжаттарды өндеу және жинақтау бөлімінің қызметкері Таимова А.Ж. 2️⃣ «Оқырмандарды кітапханаға тарту тәсілдері» кітапханаларды дамыту бөлімінің меңгерушісі Беркимбаева Д.Б. 3️⃣ «Кітапхана жұмысы бойынша рейтинг» кітапханаларды дамыту бөлімінің әдіскері Қазбаева Ж.М. 🔍 Семинар қорытындысы: Қатысушылар кітапхана жұмысына қатысты заманауи тәсілдермен танысып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Әсіресе, оқырмандарды тартудың жаңа әдістері мен кітапхана рейтингін арттыру жолдары бойынша ұсыныстар қызу талқыланды. ✨ Кітапхана – білімнің қайнар көзі! Осындай іс-шаралар кітапхана қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға және қоғамға сапалы қызмет көрсетуге үлкен мүмкіндік береді. https://www.instagram.com/reel/DLWqaxKM3wR/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
«Өзің оқы, өзгеге ұсын!” кітап оқуды насихаттау айдары бойынша марапаттау рәсімі
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 🎉📚 Кітап – адамзаттың ойлау көкжиегін кеңейтетін, рухани биіктететін сенімді серігі. Кітап оқуды насихаттау – қоғамның рухани, мәдени және интеллектуалдық дамуына үлес қосатын маңызды іс. Хромтау аудандық орталық кітапханасы Хромтау ауданының 90 жылдығына орай ауылдық мемлекеттік қызметкерлер арасында “Өзің оқы, өзгеге ұсын!” кітап оқуды насихаттау айдарын ұйымдастырып, оқырмандар арасында үлкен серпіліс тудырды. ЖЕҢІМПАЗДАР: 🏆 1 орын — Құдықсай ауылдық округінің әкімі Жұмабай Қасым Шүйінішбайұлы 🥈 2 орын — Тассай ауылдық округінің әкімі Абдиров Ербол Амангелдіұлы 🥉 3 орын — Көктау ауылдық округінің әкімі Усмаханов Бахытбек Серікұлы Барша жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! 🌟 Кітап оқу мәдениетін насихаттау жолындағы бастамаларымыз алдағы уақытта да жалғасын табады! 📖 Кітап оқы – рухани биік бол!
Ашық аспан астындағы кітапхана
🌳 18 маусым күні орталық саябақта табиғат аясында кітап оқуға арналған шара өтті. 📖 Шара барысында: • Түрлі жанрдағы кітаптар таныстырылып, оқырмандар өз ойларымен бөлісті; • Рухани пікірталастар ұйымдастырылды; • Кітаптың маңыздылығы туралы әсерлі әңгімелер айтылды. Рухани байып, ой сергітіп қайтқан барша оқырмандарға алғысымыз шексіз! 🌟 Толығырақ https://www.instagram.com/reel/DLFJp19sXk8/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==