«Зұлмат жылдар елесі» атты жылжымалы кітап көрмесі

Хромтау аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарына арналған “Ұлт басына төнген нәубет” атты облыстық тарихи-танымдық конференция өтті. Осы маңызды шараға орай, аудандық кітапхана тарапынан «Зұлмат жылдар елесі» атты жылжымалы кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрме Мәдениет орталығында өткізіліп, қатысушыларға сол бір ауыр кезеңдердің тарихи фактілері мен деректері ұсынылды. Көрме аясында саяси қуғын-сүргін құрбандарының өмірі мен тағдырына арналған кітаптар, құжаттық материалдар, тарихи зерттеулер және әдеби шығармалар көрермен назарына ұсынылды. Бұл іс-шара халқымыздың тарихындағы қасіретті жылдарды еске алып, өткенімізден сабақ алуға және ұрпақтар арасындағы тарихи байланысты нығайтуға бағытталды.   https://www.instagram.com/reel/DKRiKTaso0c/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Нәубет жылдар – халық қасіреті

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай кітапханада «Нәубет жылдар – халық қасіреті» атты тарихи-танымдық конференция өтті. Мақсаты: жас ұрпаққа халқымыздың ауыр тарихын жеткізіп, елін сүйетін, жерін қорғайтын азамат тәрбиелеу. 📖 Шараға қатысушылар: • Жақсылықова Шолпан Жайылханқызы: жерлесіміз Қуандық Жездібаевтың ауыр тағдыры туралы сыр шертті. • Жолдыбаева Лаура Қожахметқызы: ашаршылық пен қуғын-сүргін зардаптары туралы баяндады. • Бақбергенова Гүлнұр Темірханқызы: ХХ ғасырдың І жартысындағы ашаршылықтың себеп-салдарына тоқталды. Бұл күн – тарихымызды еске алып, жазықсыз құрбан болғандарға тағзым ету күні. https://www.instagram.com/reel/DKPasp_steg/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

Қазбаевтар «Наз» отбасылық ансамблінің мүшелерімен сұхбат

Кітапханада 15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай Қазбаевтар «Наз» отбасылық ансамблінің мүшелері Қазбаев Нұрлан Мырзабайұлы, Қазбаева Жанар Мұратқалиқызы және балалары Айару, Нұртөренің қатысуымен «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында сұхбат кеш ұйымдастырылды.Аталмыш шарада «Ұлағатты отбасы-ұрпаққа аманат» айдарымен кітап көрмесі безендіріліп, отбасындағы шаңырақ шуағының құпиясы неде, бала тәрбиесі, отбасы бақыты туралы сұрақтар төңірегінде пікір алмасты. Қазбаевтар «Наз» отбасылық ансамблі аудан тұрғындарына әсем әндерді орындаушы ретінде жақсы таныс. Сахна төрінде көрермендердің жүрегіне әдемі әндерді тебірене жеткізетін өнер иелері көптеген аудандық, облыстық марапаттарға ие. Шара соңында кітапхана директоры Баймұратова Бибігүл Ұзақбайқызы мерекемен құттықтап, қонақтарға алғысын білдірді, сондай –ақ, өнерлі, өнегелі отбасы қонақ иелерінен «қонақ кәде» сұралып ән шырқалды. 🔸Отбасының басты міндеті – бала тәрбиесі. «Еңбек етсе кімде-кім, алтын жеміс тереді» демекші еңбегіміздің жемісі көңілдегідей болсын. Отбасының жемісі - тәрбиелі ұл - қызы демекші,мақтан етер, дендері сау, саналы, иманды ұрпағымыз көбейсін!-деген ізгі тілектермен кеш өз мәресіне жетті. Толығырақhttps://www.instagram.com/reel/DJo8auco6l5/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев