20 қыркүйек- Ана күні/ 20 сентября 2015 года-День матери

    Аналар күнінің тарихы тереңде. Бұл мереке 8 наурыздағы қыз-келіншектер күніндей емес, бұл тек дүниеге бала әкелген аналар мен аяғы ауыр келіншектерге, сол сияқты әр түрлі себеппен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы бауырына басып өсірген ана-әжелерге арналған мейрам. Күйеу балалары енелерін де ұмытпаған. Сонау ХVІІ-ХІХ ғасырларда Англияда Ұлы пост кезінде, атап айтқанда, төртінші жексенбіде бүкіл ел аналарға құрмет көрсеткен. Викториялық кезеңде көптеген адам жұмыс іздеп, өз отбасынан алыста жүретін болған. Оларға жылына тек бір күн ғана демалыс берілген. Сол күні олар аналарына дала гүлін теріп алып келген. Ал аналары оларға арнап тәтті күлше пісіріп, күтіп отыратын болған. Қазақта «құлға да бір күн той» дегендей, құлдықтағы қара нәсілдің де сол күні мойны босайды екен. Жалпы, Аналар күні әр елде әр түрлі мезгілде тойланады. Мысалы, АҚШ-та 1907 жылдан бері мамырдың екінші жексенбісі Аналар күні ретінде тұрақты өтіп келеді. 1914 жылдан ресми мереке ретінде бекітілген. Аустралиялықтар сол күні қалампыр гүлін тағып жүреді. Қызыл гүл - анасы жанында, аман-есен дегенді білдірсе,…

0 комментариев

Аймақтық кәсіби шеберлік кеңес

  2015 жыл 25 қыркүйекте облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен С.Бәйішев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен Хромтау аудандық орталық кітапханасында \"Оқырмандарға ақпаратты ресурстардың қолжетімділігі: электронды каталогтар қызметі, кітапхана сайты мен блогтар\" аймақтық зерделі кеңес-тренингі өткізіледі.    

0 комментариев

\»Ақ қауырсын\» поэзия клубы

«Ақ қауырсын» поэзия клубы     Негізгі мәлімет:         «Ақ қауырсын» поэзия клубы 2003 жылдан бастап жұмыс атқаруда. Оған дейін поэзия сүйюшілер мен жас ақындар поэзиялық кештер өткізіп, сүйікті ақындардың және өздерінің өлеңдерін оқып, облыстық өлеңдер сайыстарына қатысып жүрді. 2003 жылы өзінің жарғысы, ережесі, эмблемасы бар ортақ клуб ашу керектігі шешілді және осы клуб аясында отырыстар өткізіп, өз шеберліктерін арттыруға мүмкіндік туды. Ол үшін клуб басшысы мамандығы мұғалім Календиров Ә. өлең құрастыру теориясы бойынша (өлшем, рифмалар) сабақтар өткізеді, поэзиялық тілге деген талаптарын ескере отырып, жас ақындардың шығармаларын түзеп отырады.Бұл жас ақындарды өз шығармаларын негізгі мазмұнына, тереңділігіне сынмен қарауға, сондай-ақ өлеңнің рифмасы және әуенімен жұмыс істеуге үйретті.        Клуб (мерейтойға арналған) өлеңдер сайыстарын ұйымдастырды. Өткізілген барлық сайыстарда тек қана әйгілі, атақты ақындардың өлеңдері ған емес, сондай-ақ клуб ақындарының өз шығармалары да оқылды. Жарыққа 3 өлеңдер жинағы шықты.        2012 жылда клуб жетекшісі Ә.Календировтың өлеңдер жинағының жарық көруі жоспарланып отыр.  Әрбір жинақ жаңа есімдерді ашады. Клуб шеңберінде…

0 комментариев