«Кітапхананың алтын шырақтары» атты дөңгелек үстел

 5 наурыз күні Халықаралық әйелдер мерекесіне орай зейнеткер кітапханашыларға арналған «Кітапхананың алтын шырақтары» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – зейнеткер кітапханашылардың кәсіби өмірі жайлы біле отырып, жас мамандарға кітапхана саласының маңыздылығын тереңірек насихаттау. Шараға арнайы шақырылған Үмітай Диярқызы мен Мансия Кеулімжайқызына шексіз алғысымызды білдіріп, оларға мықты денсаулық, отбастарына амандық тілейміз. Шара соңында жас кітапханашылар құрметті аналарымызға арналған өлең шумақтары мен ана туралы әндерін орындап, ерекше ықылас танытты. Кәсіподақ ұйымының атынан кітапхана директоры Баймұратова Б.Ұ. қонақтарды мерекемен құттықтап, естелік сыйлықтар табыстады. Бұл шара жас мамандар үшін үлкен тағылым, ал зейнеткер кітапханашыларымыз үшін ерекше құрметке толы болды. https://www.instagram.com/reel/DG0J26BMUAr/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

0 комментариев

“Ардагерлерге құрмет – ұрпаққа өнеге” жылжымалы кітапхана қызметі

📚Хромтау аудандық кітапхана қызметкерлері "Ардагерлер ұйымы" Республикалық қоғамдық бірлестігінің Хромтау аудандық филиалына арнайы барып, ұзақ жылдар ауданның әлеуметтік дамуы мен қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан қазіргі таңда зейнет жасындағы ардагерлерді Алғыс айту күнімен құттықтап, ізгі лебіздерін білдірді. Аудандық мәдениет үйінің әншісі Ғ.Ә.Бейсенов домбырамен ән шырқады. Сонымен қатар, Жылжымалы кітапхана ұйымдастырылып белгіленген мерзімге көркем әдебиеттер мен журналдар берілді. Ардагерлер ұйымының басшысы Қ.Қ.Биржанов кітапхана қызметкерлеріне алғысын білдіріп,үлкендер ризашылық батасын берді. Толығырақ

0 комментариев

«Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты кітап көрмесі

📖№4 Хромтау орта мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық тәрбие -ұлт болашағы: әділ сөйлеп, адал жүр, мұратыңа жетесің» аймақтық ғылыми -практикалық конференциясында «Ғасырлармен үндескен асыл қазына» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып библиографиялық шолу жүргізілді. 📖Көрмеге Ұлттық тәрбиенің көздері: қазақтың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлағатты қағидалары, мақал-мәтелдері,фольклор, ауыз әдебиеті туралы кітаптар қойылды. Толығырақ

0 комментариев