«Алғыс айту-игілік сыйлау»

 Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні- 1 наурыз Алғыс айту күніне орай аудандық кітапхананың оқу залында «Алғыс айту-игілік сыйлау»  атты  мерекелік шара өткізілді. Шараға  аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева, мәдениет және  кітапхана саласында көп жылдар еңбек еткен Р. И. Ильясова және А.Ғ. Сейтимбетова, Л.М. Крыжановская қатысты.Сонымен қатар , №1 мектеп оқушылары А.Молдахметова, Қ.Бердіғалиев, Мектептен тыс білім беру орталығының оқушылары қатысып, Муафикова Айнұр «Туған жер» әнін, «Шабыт» би тобы  «Ой Варенька,Варенька» орыс биін, «Асыл мұра» үйірмесінің оқушысы Апетова Дильназ «Сыпыра жыраудың термесін» орындап қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Қонақтар ұйымдастырушыларға, бүлдіршіндерге өздерінің ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Кітапхана директоры Н.А. Жетесов шараға қатысушыларға  алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар тарту етті. Шара мерекелік дастарханмен жалғасты.      

0 комментариев

«Жыр әлемінің- Ізтайы»

Облыс бойынша жерлес ақын жазушылардың шығармаларын насихаттауда «Оқы Ақтөбелік өренім» атты марафонға ақын Ізтай Тілеуұлы Мәмбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай шығармалары таңдалып алынды. 28 ақпан күні аудандық кітапхананың  балалар әдебиеті бөлімінде «Жыр әлемінің- Ізтайы» атты әдеби-сазды кеш өтті.Кітапханашы Жиембаева Т.С. ақын І.Мәмбетовтың қысқаша өмірбаянымен таныстырып,шығармашылығына арналған слайдқа шолу жүргізді. №3 мектептің 4 «а»сынып оқушылары  І.Мәмбетовтің «Мен туыппын ақпандатқан боранда», «Мен ақынмын», «Мәмбетовтер», «Өгей шешеме» т.б. өлең-жырларын мәнерлеп оқыды. № 1 мектептің 6 сынып оқушысы Мырзабекова Жадыра «Ақ желең» күйін орындаса, №3 мектептің Сабина «Тәуелсіз елдің қызымын» әнін шырқап берді. Сөзін Ізтай Мәмбетов жазған «Қаракөз» әні тыңдалып, шараға қатысушылардың барлығы бірігіп айтты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Шараға №1,3 орта мектептердің оқушылары мен кітапханашылары  қатысты.        

0 комментариев

«Бір ел – бір кітап — 2019»

27 ақпанда  аудандық  орталық  кітапханада  «Бір  ел – бір  кітап  - 2019» Республикалық  оқу  акциясының  салтанатты  ашылуы  өтті. Бұл  шараға қалалық  мектеп, колледж, ауылдық  кітапханаларының  кітапханашылары, Хромтау тау-кен  техникалық  колледжінің  студенттері  мен  оқытушылары қатысты. Жиында  кітапханашылар  Мансия Тымбаева  мен  Тамара Жиембаева Әбіш  Кекілбаев пен  Әбділдә  Тәжібаевтың  өмірбаяндарын, шығармаларын баяндаса,  № 5  Хромтау мектеп  гимназиясының  оқушылары  Ә.Тәжібаевтың өлеңдерін  оқыды. Шара  барысында  кітапхана  дирекоры  Нуртай  Жетесов, «Қазақ тілі»  қоғамының  торайымы Мариям  Жұмағалиева, № 6 Хромтау мектеп  гимназиясының  кітапханашысы Әлия  Елеусізова  сөз сөйлеп, акция жөнінде  және  Әбіш Кекілбаев  пен  Әбділды Тәжібаевтың  шығармалығы туралы  айтып  өтіп , өздерінің  ой – түйіндерімен  бөлісті. Еске  сала кетсек, елімізде  Республикалық  «Бір ел - бір кітап»  акциясы  2007  жылдан  бастап өткізіліп  келеді. Акциясының  мақсаты  –  ұлттық әдебиетіміздегі  ең  үздік деген  туындыны  оқу  және насихаттау, Қазақстанның  әдеби  мұрасын зерттеуге  деген қызығушылықты  дамыту, қоғамның  оқуға  деген  ықыласын көтеру, сонымен  қатар  жасөспірімдердің  зияткерлік  – рухани  дамуына  ықпал жасау.Биылғы  жылғы  «Бір ел - бір кітап»  Республикалық  оқу  акциясына Әбіш  Кекілбаевтың  « Аңыздың ақыры»  романы  мен Әбділдә  Тәжібаевтың лирикалық  поэмалары  таңдалды.    

0 комментариев