Туған жердің түтіні
Ұсынылып отырған «Туған жердің түтіні» жинағына кіріп отырған «Наркескен», «Ең әдемісі - Жер», «Өнерге өктемдік жүрмейді» тағы басқаларының кейіпкерлері қазір айнала айқайлап жоқтап жүрген патриотизм, елді сүю деген ұғымды еңбегімен дәлелдеп жүрген адамдар. Кітаптағы деректі, көркем шағын шығармалар болсын, «Сахнаның падишасы» атты повесть-эссе болсын, дәл бүгінгі өнер жайлы, өмір жайлы ойланатын, ізденетін оқырманның талғамынан шыққандай. Алғысөз Өткен ғасырдың 70-ші жылдары «Қазақстан пионері» газетінің бетінде «Туған жердің түтіні де тәтті екен» деген айдар ашып едік. Соған республиканың түкпір-түпкірінен оқушылардың туған жер жайлы толғаныстары келетін. Мүмкін, толғаныс деуге жетпей жатқан шығар. Бірақ бәрі шын көңілмен жазатын. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген мәтел сондай көңіл күйден қалса керек. Бұл жинаққа мен туған жер жайлы өзімнің жазғандарымды, туған елі мен халқына еңбегімен, өнерімен қызмет етіп…