Туған жердің түтіні

  Ұсынылып отырған «Туған жердің түтіні» жинағына кіріп отырған «Наркескен», «Ең әдемісі - Жер», «Өнерге өктемдік жүрмейді» тағы басқаларының кейіпкерлері қазір айнала айқайлап жоқтап жүрген патриотизм, елді сүю деген ұғымды еңбегімен дәлелдеп жүрген адамдар. Кітаптағы деректі, көркем шағын шығармалар болсын, «Сахнаның падишасы» атты повесть-эссе болсын, дәл бүгінгі өнер жайлы, өмір жайлы ойланатын, ізденетін оқырманның талғамынан шыққандай.                                                                 Алғысөз Өткен ғасырдың 70-ші жылдары «Қазақстан пионері» газетінің бетінде «Туған жердің түтіні де тәтті екен» деген айдар ашып едік. Соған республиканың түкпір-түпкірінен оқушылардың туған жер жайлы толғаныстары келетін. Мүмкін, толғаныс деуге жетпей жатқан шығар. Бірақ бәрі шын көңілмен жазатын. «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары» деген мәтел сондай көңіл күйден қалса керек. Бұл жинаққа мен туған жер жайлы өзімнің жазғандарымды, туған елі мен халқына еңбегімен, өнерімен қызмет етіп…

0 комментариев

Үлкен үйдегі үрей

           Шағын романда шытырман оқиғалар желісі оқырманды өзіне тартып әкетеді. Автор өз шығармасында адамның асыл қасиеттерін бағалау қажеттігін, ал енді біреуге жасалған қиянаттың ешқашан кетпейтінін, ғасырлар өтсе де, ақиқаттың жарыққа шығатынын тарихи кезеңдерде болған оқиғалар арқылы бере білген.              Осы кітапқа еніп отырған екінші туынды – «Жатқа туған бала» повесі. Ол қазіргі заманның әлеуметтік-демографиялық мәселелерін көтереді. «Адамның бір қызығы бала деген» деп Абай атамыз айтқандай, әрбір ата-ана сәбилі болғысы келеді. Алайда, бүгінгі заманда перзент сүйе алмайтындардың қатары көбейіп тұр. Бұл шығармада тұрмыс тауқыметін көп шеккен жанның құрсақ ана (суррагат-ана) болып, өзге отбасына бала тауып берген тағдыры бейнеленген. Жатқа туатын перзентін тоғыз ай көтерген кездегі ананың толғанысы аталған хикаятқа арқау болған.              Бұл повестің жазылуына қазақтың танымал ғалым қызы, Қазақстандағы Бірінші денеден тыс ұрықтандыру лабораториясы – «Экомед» емханасының жетекшісі, репродуктолог-эмбриолог, биология ғылымдарының докторы Салтанат Берденқызы Байқошқарованың елге сіңіріп келе жатқан еңбегі үлкен әсер етті.              Осы кітаптағы үшінші туынды – «Екі күйеулі әйел» повесі. Қазіргі заманда…

0 комментариев

Жаңа кітаптар/Наши новинки

     Бұл жинаққа М.Сыздықовтың \"Ақ бас тырна\" атты шағын повесі мен әңгімелерін ұсынған екен. Нені жазса да, аса ұқыпты, тілі жатық, бала психологиясын жақсы білетін қаламгердің бұл кітабі анық.Жазушы балалар өмірінің қызықты сәттерін тілге тиек етеді. Кітап адалдыққа, туған жерді сүюге тәрбиелейді.   Қазақ халқының тарихындағы ұлы тұлғалардың Отан, патриотизм туралы нақыл-өсиеттер, даналық ойлары мен қанатты сөздері. Қазақ хандығы дәуірінде бірнеше ғасыр бойы ел басқарған, ел тарихында өзіндік орны мен маңызы бар тұлғалар - хандар. Хандар тарихы арқылы сол дәуірдегі мемлекетіміздің тарихын терең білуге болады. Осы кітапта хандық дәуірдің біртұтас кезеңінде таққа отырып, ел билеген он жеті ханды қалың жұртшылыққа таныстыру мақсатында олардың билік құрған жылдары мен жүргізген саясаты, қазақ тарихында алатын орны туралы баяндалады.      Кітап авторы біздің Мемлекетіміз басшысының Украинаның оңтүстік-шығысындағы бітімге әкелген белсенді  қызыметінің куәгері болған еді. Кітапта Мадандағы 2015 жылдың ақпан айына деінгі оқиғалар қамтылған.      Автор книги Онжанов Н. стал свидетелем активной деятельности Главы нашего государства, приведшей к…

0 комментариев