Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 105 жылдық мерейтойы

Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама-қайшы тұлға. Қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Руководивший Советским Казахстаном Динмухамед Кунаев – фигура противоречивая. Нынче его образ возвеличивают. Аудандық орталық кітапханада 2017 жылдың 17 қаңтарында қоғам қайраткері, ұлтының ұлы перзенті Д.А.Қонаевтың 105 жылдық мерейтойына арналған «Д.А.Қонаев – ғасыр саңлағы» атты танымдық сағат өткізілді. Д.А.Қонаев - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, техника ғылымының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Д.А.Қонаев жарты өмірін Қазақстанды дамытуға арнаған, елді ширек ғасырдан астам уақыт басқарған. Ол еліміздің экономикасын, мәдениетін өркендету жолында өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсаған адал да ардақты азаматы еді. Іс – шарамыздың басты мақсаты аса көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың жарқын бейнесімен таныстырып, ерен еңбегін келешек ұрпаққа үлгі ету. Бұл өткізілген іс-шарамызға қалалық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері, тарихшы Жетесов Нұртай қатысып, Д.А.Қонаевтың өмірі, Балқаш қаласында басталған еңбек жолымен, қазақ халқына сіңірген еңбегі жайында ол кісінің адалдығын, тазалығын арқау ете отырып қызықты әңгіме өрбітті.…

0 комментариев

Жазушы Естай Мырзахметовтың туғанына 90 жыл

ХХ ғасырдың 60 - жылдарынан қазақ прозасының дамуына өз үлесін қосқан қаламгерлер қатарында ерекше орыны бар жазушының бірі – Естай Мырзахметов. Имя Естая Мырзахметова, видного казахского писателя, публициста, общественного деятеля, заслуженного работника Казахстана дорого и почитаемо. Жазушы, публицист,Қазақстан Жазушылар одағыныңмүшесі Естай Мырзахметов 1927 жылыБурабай ауданыЖарқайың ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Естай Мырзахметов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Көкшетаужәне Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша меншікті тілшісі, «Көкшетау правдасы» газеті редакторының орынбасары болып қызмет істеді. Мырзахметов алғашқы очеркін мектеп қабырғасында жүргенде жазып, ол «Пионер» журналында басылған. Ауыр науқасқа шалдығып, төсек тартып жатса да Мырзахметов «Он бес жыл өткен соң», «Медет» романдарын, «Хайроштың аманаты», «Қара жолдың бойында» повестерін, 100-ге тарта әңгімелер мен новеллалар жазды. Мырзахметов аудармамен де айналысты, оның тәржімалауымен ұлы даниялық жазушы Мартин Андерсен Ненсенің «Жаннета» романы, Ханс КристьянАндерсеннің«Сандық-самолет» ертегілер жинағы, татар жазушысы Шәміл Умановтың «Торғай даласында» атты повестер мен әңгімелер жинағы, Юрий Корольковтың «Кио Ку Мицу» шығармасы қазақ тілінде жарық көрді. Мырзахметов публицист…

0 комментариев