Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 105 жылдық мерейтойы
Советтік Қазақстанды басқарған Дінмұхамед Қонаев – қарама-қайшы тұлға. Қазір халық оның есімін ұлықтап жүр. Руководивший Советским Казахстаном Динмухамед Кунаев – фигура противоречивая. Нынче его образ возвеличивают. Аудандық орталық кітапханада 2017 жылдың 17 қаңтарында қоғам қайраткері, ұлтының ұлы перзенті Д.А.Қонаевтың 105 жылдық мерейтойына арналған «Д.А.Қонаев – ғасыр саңлағы» атты танымдық сағат өткізілді. Д.А.Қонаев - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, техника ғылымының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Д.А.Қонаев жарты өмірін Қазақстанды дамытуға арнаған, елді ширек ғасырдан астам уақыт басқарған. Ол еліміздің экономикасын, мәдениетін өркендету жолында өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсаған адал да ардақты азаматы еді. Іс – шарамыздың басты мақсаты аса көрнекті мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың жарқын бейнесімен таныстырып, ерен еңбегін келешек ұрпаққа үлгі ету. Бұл өткізілген іс-шарамызға қалалық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері, тарихшы Жетесов Нұртай қатысып, Д.А.Қонаевтың өмірі, Балқаш қаласында басталған еңбек жолымен, қазақ халқына сіңірген еңбегі жайында ол кісінің адалдығын, тазалығын арқау ете отырып қызықты әңгіме өрбітті.…