«Балабақша – кітапханаға»

 Жаз айында кітапханаға оқырмандарды көптеп тартып, бүлдіршіндерді кітап патшалығымен таныстырып, оқуға қызығушылығын тарту мақсатында кітапхана тек мектеп оқушыларымен ғана емес, сонымен қатар балабақшалармен де әрдайым тығыз байланыста жұмыс атқарады. Оның бір айғағы балабақша бүлдіршіндеріне арнап өткізілетін «Балабақша- кітапханаға» атты экскурсия. 12 шілде күні кітапханаға саяхаттап келген № 5 «Ақбота» балабақшасының бүлдіршіндерін балалар бөлімінің кітапханашысы Тамара Сагирқызы кітапхананың бөлімдерімен таныстырып, кітапханада өзін ұстау тәртібінің ережелері туралы, кітаптарға мұқият қарау жөнінде әңгімелеп берді. Кітап әлемінің шынайы кітапшасымен, сыртқы түрлері бойынша ғана емес, көлемі бойынша айырмашылықтары бар – бүктемелі кітапшалар, дыбысты сөйлейтін кітапшалар, әуенді кітапшалар, керме-ашылмалы панорама кітапшалар, ойыншық кітапшалар, бояуға арналған кітапшалар және тағы басқаларымен таныстырылып, балаларға өз бетімен өздерін қызықтырған кітаптарды қарап, беттерін аударуға рұқсат етілді. Қызықты бағдарламаның арқасында мектепалды балалары жақсы көңіл-күй мен оң сезімдерге ие болды. Қоштасарда кітапқа арналған бетбелгілер берілді, ата-аналарымен кітапханаға келіп, оқу үшін өздеріне ұнаған кітапты үйлеріне алуға болатындары жөнінде ұсыныс айтылды.           

0 комментариев

\»Ұлы дала елі\»

 Аудандық кітапхана орталық саябақта Астана күніне арналған \"Астана - 20\" тақырыбында инсталляциялық көрме  жасақтады. Оған \"Бабалар сөзі\" жүз томдығы мен  \"Ақтөбе кітапханасы\" сериясымен шыққан 20 томдық кітаптар орналасты. Сондай-ақ  \"Ұлы дала елі\" тақырыбында Астана қаласының 20 жылдық жетістігінен сыр шертетін кітап көрмесі қойылды. Мерекелік концертке келген қала тұрғындары мен қонақтары көрмені тамашалады.        

0 комментариев

«Арайлы таңдай сұлу — Астана»

   Аудандық кітапхананың оқу залында  5 шілде күні Астана қаласының 20 жылдық мерекесі мен Б.М.Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында «Менің сүйікті Астанам» сурет байқауының қорытындысы және «Арайлы таңдай сұлу -Астана»  атты тәрбие сағаты өткізілді. «Менің сүйікті Астанам» атты кітап көрмесі мен қатысушылардың суреттері оқу залына қойылды. Байқау қорытындысы мен  марапаттау үшін құттықтау сөз кітапхана директоры Н.А.Жетесовке берілді. Мектептен тыс білім беру орталығының сурет үйірмесі  жетекшілерінің бағалауы бойынша №3 «Айгөйлек» балабақшасының қатысушыларынан Амангелдин Темирлан бас жүлде,  Самуратов Саян IIорын, Мусин Ислам III орын, №8 «Тұлпар» балабақшасынан  Кунтаева Эльнара Iорын, Ақниязова Дильназ III орын, №1 «Күншуақ» балабақшасынан Бақберген Расул II орын, №7 «Еркетай» балабақшасынан Ұзақбай Айлин III орын және №6 мектеп гимназиясының оқушылары Мырзабаев Саламат II орын, Кудриттилаева Жасмина II орынды иеленіп алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Шара барысында көрермендерге Елордамыз жайлы қысқаша мәлімет айтылып, бүлдіршіндерге сұрақтар қойылды. Слайд арқылы балалармен бас қаламыздың ең биік ғимараттары мен көрікті жерлеріне саяхат жасадық. Бүлдіршіндер саяхаттан Астанамыздың 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктеріне күә болды. Шара соңында…

0 комментариев