«Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты жас ақындармен кездесу кеші

 12 қазан күні С.Бәйішев атындағы облыстық кітапханасында Хромтау аудандық кітапхана мен аудандық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Туған жерім – Нұрлы елім» атты Ақтөбе қаласындағы Хромтау ауданының күндеріне орай «Туған ел үшін әрдайым, жауқазын жырды арнаймын» атты Хромтау өңірінен шыққан жас ақындармен кездесу кеші өтті. Жас ақындарға қолдау көрсету, жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Алпысбай Мұсаев, поэзия әлеміне жол тартқан жас қаламгерлердің қадамдарына қолдау  көрсетіп,  жыр жинақтарын шығаруға атсалысып жүрген ақын, Қазақстан Жазушылары одағының мүшесі Гүлімай Қуанышева және халық мұңын жоқтап өлеңдер жазған халық ақыны Әкімәлі Қаржауовтың жиен немересі, ақын Есенбек Жұмағалиев, Хромтау ауданына қарасты Тасөткел ауылының Ащы елді мекенінде дүниеге келген ақын, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің грамотасының иегері Қызмет Нұралиннің жиен немересі, облыстық жас ақындар мүшәйрасының жүлдегері Наурызбай Асылбеков қатысты. Поэзия кешінің шымылдығы Хромтау аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесовтың құттықтау сөзімен ашылды. Арнайы қонақтар Хромтау ауданының тарихын…

0 комментариев

«Оқи білген қандай жақсы!» акциясы

 Хромтау аудандық кітапханасының балалар әдебиет бөлімінде «Оқи білген қандай жақсы!» айдарымен № 4 мектептің 1«Б» сынып оқушылары мен мұғалімі Дүйсенгалиева Ақбаян Құмарқызы және ата-аналардың қатысуымен «Оқырманға қабылдау» акциясы өтті. Кітапханашы Тамара Сагирқызымен  бірге балалар Кітап Еліне саяхатқа аттанып, кітапхананы пайдалану ережелерімен,  абонемент, оқу залдарымен, оқуға қандай кітаптар алу керек екендігі жайында қызықты құпиялармен танысты. Акция барысында кітаптар туралы жұмбақтар шешіп, иллюстрациялардың көмегімен кейіпкерлердің қай ертегіге тиесілі екендігін тауып, «Ертегі киіпкерін тап» атты қызықты да танымдық ойынға белсенді түрде қатысты. Іс-шара соңында барлық қатысушы балаларға «Кітапты пайдалану ережелері» атты жадынама  сыйға тартылды. Бірінші сынып оқушыларына арналған «Оқырманға қабылдау» акциясы қызықты және тартымды өтті.        

0 комментариев

«Тар заман» байқауы

 28 қыркүйек күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Бақытты бала» жобасы аясында аудандық «Тар заман» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – балаларға тарихымызды, әдебиетті насихаттау арқылы жас ұрпақты кітап оқуға тарту, азамат соғысының қилы кезеңі суреттелетін қазақ көркем әдебиетінің классикаларын бүгінгі оқушыларға жеткізудің тиімді жолын табу. Байқауға аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Жұмағалиева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов және аудандық мәдениет үйінің әдіскері Бибігүл Баймұратова қазылық етті. Сайыс басталмас бұрын аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов азамат соғысы жылдарындағы халықтың ахуалын баяндай отырып, осы соғыс жылдарының желісі бойынша жазылған шығармаларға талдау жасап, қатысушыларға сәттілік тіледі.  Байқау шарттары бойынша қатысушылар І кезеңде Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» тарихи романынан және Жүсіпбек Аумауытовтың «Ақбілек» романынан көрініс көрсетсе, ІІ кезеңде командалар аталмыш шығармаларға байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.  Сайыстың қорытындысы бойынша №3 Хромтау орта мектебінің оқушылары І орынды иеленсе, ІІ орынды №4 Хромтау орта мектебі жеңіп…

0 комментариев