\»Ұлы даланың жеті қыры\» дөңгелек үстел

  ҚР Тұңғыш Президент күні қарсаңында аудандық тарихи–өлкетану мұражайы мен аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылдың 21 қарашасында жарық көрген «ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ» мақаласын насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Шара мұражай директоры Нұргүл Амангалиеваның «Кеңістік — барлық нәрсенің, ал уақыт — бүкіл оқиғаның өлшемі» тақырыбында жасақтаған көрмесімен басталды. Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жайнагүл Ракишева, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Жұмағалиева, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінен Әсима Сүйіналина, қалалық мектептердің тарих, география пәндерінің мұғалімдері, аудандық архив меңгерушісі Әсия Бектұрғанова, музыка мектебінің оқытушысы Талғат Мұхамеджанов және аудандық кітапхана мен мұражай қызметкерлері қатысты. Аудандық архив меңгерушісі Әсия Даулеткерейқызы қазіргі таңда Хромтау аудындық архивінде 98 қор сақталып келеді, жалпы 41578 бірлік, оның ішінде тұрақты 17249, жеке құрам бойынша 24329 бірлік сақталғандығы, жалпы Хромтау аудандық архивінде 1929, 1937 жылдардан бастап тарихи құжаттардың сақталып отырғандығы жөнінде айтып өтсе, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мариям Төреғалиқызы мақаланың дер кезінде шыққаны және оған ауданның жұмыла жұмыс жасау керектігі туралы өз ойын ортаға салды. Кітапхана…

0 комментариев

Тахауи Ахтанов-шебер драматург

  26 қазан күні аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен қазақ көркем прозасының майталман шебері Тахауи Ахтановтың туылғанына 95 жылдығына арналған «Тахауи Ахтанов – шебер драматург» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешке аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Мәриям Жұмағалиева, Хромтау тау-кен техникалық қолледжінің студенттері мен қала мектептерінің оқушылары қатысты. Шарада аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Нұртай Жетесов алғы сөз сөйлеп, шараға қатысушы жасөспірімдерге Тахауи Ахтанов туралы тарихи мәліметтер мен тың деректерді жеткізді. Сондай-ақ, шара барысында жазушының өмірбаяны мен шығармашылығы жайлы бейнероликтер көрсетіліп, № 3 Хромтау орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Кулумкарина Рахия Жарасханқызының ұйымдастыруымен аталмыш мектептің 10 сынып оқушылары Тахауи Ахтановтың «Әке мен бала» драмасынан көрініс көрсетті. Хромтау тау-кен техникалық колледжінің қазақ тілі пәні мұғалімі Гүлсезім Ситебай жазушының «Күй аңызы» әңгімесін баяндап берді. Сонымен қатар, аудандық кітапхананың кітапханашысы Дана Мангалова «Заманның заңғар тұлғасы» атты виртуалды кітап көрмесін көрермендерге ұсынса, балалар музыка мектебінің домбыра үйірмесінің оқушысы Рамазан Әділет «Әлқисса» күйін орындап, аудандық мәдениет үйінің өнерпазы Фариза Елекбаева ән тарту етті. Шара соңында…

0 комментариев

Байғанин оқулары

  17 қазан күні аудандық кітапханада жылма жыл дәстүр бойынша өтетін облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен  халық ақыны, айтыскер, жыршы-жырау Н.Байғаниннің шығармашылығына арналған «Байғанин оқулары» аудандық көркемсөз оқу сайысы өткізілді. Мақсаты: ақын Н.Байғанин шығармаларын насихаттау; Кітап оқу мәдениетін жетілдіру. Оқырмандар назарына «Ақынның асыл мұрасы»атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалып, слайд көрсетілді. Байғанин оқуларының  І-кезеңінде қатысушылар ақынның өлеңдерін, дастандарынан үзінділерін мәнерлеп жатқа айтты. ІІ-кезеңде  қатысушылар ақынның шығармашылығы бойынша сұрақтарға жауап берді. Қатысушылардың мәнерлеп оқуы мен сахна мәдениетіне басты назар қойып қазылар алқасы өз бағаларын берді. Қазылар алқысының мүшелері: Аудандық қазақ тілі қоғамының төрайымы Жұмағалиева Мариям Төреғалиқызы, мектептен тыс білім беру орталығының «Өлең өрнектері» үйірмесінің жетекшісі Оразова Жанат Есетқызы,аудандық кітапхананың әдіскері Абиева Баян Тойбазарқызы. Нәтижесінде І орын – Бақыт Ақбота/Бөгетсай мектеп-гимназиясының 7 сынып оқушысы, ІІ-орын – Князбаева Гүлбақыт/ №3 мектеп  11 сынып оқушысы, ІІІ-орын – Утегалиева Гүлзат /№3 мектеп 6 сынып оқушысы жеңімпаз атанды.№6 мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы Зайткерей Іңкәр сайысқа белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Қатысушыларға естелік сыйлықтармен, дипломдар табысталды. Сондай-ақ I орынды…

0 комментариев