«Махаббат — мәңгі ертегі»

  Аудандық кітапхананың оқу залында 15 сәуір күні «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» ғашықтар күніне және Жастар жылына арналған «Махаббат - мәңгі ертегі» атты сайыс өтті. Сайысқа №2 Хромтау гимназиясының және Ақжар, Дөң, Табантал орта мектептерінің жоғары класс оқушылары қатысты. Байқаудың мақсаты- жастардың арасында қазақтың ғашықтық эпостарын, салт-дәстүрін, саф алтындай сөз өнерін кеңінен насихаттау, оларды рухани дамыту, талантты, дарынды жастарға қолдау көрсету, жастардың өмірге деген позитивті көзқарастарын ұлғайту,кітап оқуға қызығушылығын арттыру. 5 кезеңнен тұрған сайыста қатысушылар салт-дәстүр бойынша жұптар өздерін таныстыру, салт-дәстүрге, махаббат дастандарына қатысты сұрақтарға жауап беру, қазақ әдебиеті шығармаларынан үзінді оқу, өз өнерлерін көрсету кезеңдерінен өтті. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша Табантал орта мектебі- І орынды,  Ақжар орта мектебі-ІІ орынды, Дөң орта мектебінің оқушылары ІІІ орынды жүлделесе, №2 Хромтау гимназиясының оқушылары «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды. Шара соңында кітапхана директоры Н.А. Жетесов қатысушылар мен ұйымдастырушы мұғалімдерге ризашылығын білдіріп, дипломдар, естелік сыйлықтар, алғыс хаттар табыс етті. 15 апреля в читальном зале районной библиотеки прошел конкурс «Махаббат -…

0 комментариев

«Оқитын балалар-ұлтымыздың болашағы»

10 сәуірде №6 Хромтау гимназиясының ұйымдастыруымен өткен «Оқитын балалар-ұлтымыздың болашағы» атты мерекелік шара өткізіліп, аудандық кітапхана жылжымалы кітап көрмесін ұйымдастырды. Мақсаты: Білім алушылардың тарихи танымдарын, әдебиетке деген құштарлықтарын ояту, рухани қазына мекені кітапханамен байланыстарын арттыру. Көрмеге Ф.Оңғарсынованың, Ә.Кекілбаевтың,Ә.Тәжібаевтың, Ақтөбе қаласының 150 жылдығына, сонымен бірге, балаларға арналған әдебиеттер қойылды. 10 апреля 2015 года в школе-гимназии №6  прошло  чествование  читателей  \" Оқитын балалар-ұлтымыздың  болашағы»». На ней Хромтауская районная библиотека представила обширную передвижную  книжную выставку, посвященную А. Кекилбаеву, А.Тажибаеву, 150 –летию города Актобе. А  также обучающиеся  ознакомились с новинками детской литературы, поступившей в библиотеку.  Цель: формирование у обучающихся интереса к литературе, к духовным сокровищам народа.         

0 комментариев

Балалар кітабы апталығы

  Аудандық кітапхананың балалар әдебиеті бөлімінде 28 наурыз және 2 сәуір күндері аралығында оқушылардың көктемгі демалыстарын тиімді өткізу мақсатында балалар кітабы апталығы ұйымдастырылды. Апталық бойы кітапханада өткізілген іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардан бастап 14 жастағы балаларды қамтыды. Кітап мерекесі күндері балалардың кітап оқуға құмарлығын, рухани байлығын, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізілді.Басты мақсаты - кітап заманымыздың өмірі, рухани жан дүниемізді оятып, білімімізді молайтып , үлгі - өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына - кітап әлеміне шолу жасау. Балалармен апта бойына «Көңілді поезд», «Өнеріңді көрсет», «Адасқан әріптер», «Кім білгір» атты ойындар ойналды. Онда балалар әр түрлі тақырыпта жұмбақтар шешіп, жаңылтпаштар айтып жарысты, мақал – мәтелдердің соңын жалғастырып, көңілді мультфильмдер көрсетіліп, ертегілер оқылды. Қызықты математикалық және логикалық есептер шешу арқылы балалардың шапшаңдығы мен ойлау қабілеттерінің жетіктігі тексерілді. Балаларға кітапхана ережесі жазылған жадынама парақшалары таратылды. Екінші сәуір кітап апталығының жабылу салтанаты күнінде, апта бойы өткізілген іс-шараларға белсене қатысқан оқушылар мен мұғалімдерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.  28…

0 комментариев