\»Өлкетану\»

№5 Хромтау гимназиясы \"Өлкетану\" үйірмесінің оқушылары өлке тарихымен танысу мақсатында аудандық кітапханаға келді. Қазақ даласындағы ашаршылық тарихын №6 Хромтау гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі Гүлнұр Бақбергенова өзінің баяндамасында таныстырды. Кітапхана директоры Нұртай Жетесов үйірме оқушыларына ашаршылық, өлкедегі ұжымшарлар мен кеңшарлардың құрылуы тарихына қысқаша шолу жасап, оқушылардың танымдық сұрақтарына жауап берді. Шара соңында ауданның тарихынан сыр шертетін өлкетану кітаптарына библиографиялық шолу жасады.    

0 комментариев

«Алғыс айту-игілік сыйлау»

 Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні- 1 наурыз Алғыс айту күніне орай аудандық кітапхананың оқу залында «Алғыс айту-игілік сыйлау»  атты  мерекелік шара өткізілді. Шараға  аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы М.Т.Жұмағалиева, мәдениет және  кітапхана саласында көп жылдар еңбек еткен Р. И. Ильясова және А.Ғ. Сейтимбетова, Л.М. Крыжановская қатысты.Сонымен қатар , №1 мектеп оқушылары А.Молдахметова, Қ.Бердіғалиев, Мектептен тыс білім беру орталығының оқушылары қатысып, Муафикова Айнұр «Туған жер» әнін, «Шабыт» би тобы  «Ой Варенька,Варенька» орыс биін, «Асыл мұра» үйірмесінің оқушысы Апетова Дильназ «Сыпыра жыраудың термесін» орындап қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады. Қонақтар ұйымдастырушыларға, бүлдіршіндерге өздерінің ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Кітапхана директоры Н.А. Жетесов шараға қатысушыларға  алғысын білдіріп, естелік сыйлықтар тарту етті. Шара мерекелік дастарханмен жалғасты.      

0 комментариев

«Жыр әлемінің- Ізтайы»

Облыс бойынша жерлес ақын жазушылардың шығармаларын насихаттауда «Оқы Ақтөбелік өренім» атты марафонға ақын Ізтай Тілеуұлы Мәмбетовтың туғанына 90 жыл толуына орай шығармалары таңдалып алынды. 28 ақпан күні аудандық кітапхананың  балалар әдебиеті бөлімінде «Жыр әлемінің- Ізтайы» атты әдеби-сазды кеш өтті.Кітапханашы Жиембаева Т.С. ақын І.Мәмбетовтың қысқаша өмірбаянымен таныстырып,шығармашылығына арналған слайдқа шолу жүргізді. №3 мектептің 4 «а»сынып оқушылары  І.Мәмбетовтің «Мен туыппын ақпандатқан боранда», «Мен ақынмын», «Мәмбетовтер», «Өгей шешеме» т.б. өлең-жырларын мәнерлеп оқыды. № 1 мектептің 6 сынып оқушысы Мырзабекова Жадыра «Ақ желең» күйін орындаса, №3 мектептің Сабина «Тәуелсіз елдің қызымын» әнін шырқап берді. Сөзін Ізтай Мәмбетов жазған «Қаракөз» әні тыңдалып, шараға қатысушылардың барлығы бірігіп айтты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ой бөлісті. Шараға №1,3 орта мектептердің оқушылары мен кітапханашылары  қатысты.        

0 комментариев